Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің…

2018 жылғы қаңтардан қараша аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 10536 адам өтініш жасады, 10183 адам жұмысқа орналасты.

Ары қарай оқу

Атаулы әлеуметтік көмек

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты,

көмек екі түрге бөлінеді:шартсыз және шартты.

*Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға)

ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік

көмек түрі.

*Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

         Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім үміткер бола алады?

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.

Шартсыз ақшалай  көмек:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне; 1 немесе 2-топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздығы белгілене алатын ауруының бар болуына орай жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға;

2) отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығы бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және(немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздығы белгілене алатын ауруы бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек-балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, күтімге және көмекке мұқтаж қария адамға күтімді жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға көрсетіл еді.

*Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдар (отбасылардан) басқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімде у шараларына қатысу шартымен жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын  аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, бұдан басқа, құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қандай кезеңге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу кезеңі төлем түріне байланысты  – шартсыз немесе шартты.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету мерзіміне тағайындалады (6 ай).

Шартты ақшалай көмек ай сайын немесе өтініш берушінің арызы бойынша біржолата үш ай үшін төленеді.

Отбасы мүшел ерінің әлеуметтік бейімдеуін жалғастыру және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен кәсіби оқуды және (немесе) жастар тәжірибесін, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтуды аяқтамауына байланысты қажет болған жағдайда шартты ақшалай көмек тағайындау кезінде оны қосымша алты айға дейін ұзартуға мүмкіндік бар.

Әлеуметтік келісімшарт және отбасыға көмектің жеке жоспары дегеніміз не?

Әлеуметтік келісімшарт екі тараптың – әлеуметтік көмек алушы мен әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері бар, қаржылай көмек алу

үшін арналған.

Яғни, мемлекет өз тарапынан отбасының қиын өмірлік жағдайынан

шығу үшін кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша қаржылық көмекпен күшейтілген шаралар қолданатын болады (жаңа нысандағы АӘК), ол үшін алушыдан жауап әрекеті талап етіледі (жұмыс іздеу, әлеуметтік-кәсіби бейімдеу).

Келісімшарт бойынша аз қамтылған азаматтар өзіне жұмысқа орналасу бойынша міндеттемелер қабылдайды (көбінесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында), мемлекет жергілікті деңгейдегі атқарушы орган ретінде (Жұмыспен қамту орталығы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, ал қажетті жағдайларда – әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге міндеттенеді.

Отбасыға көмектің жеке жоспары – Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесе отырып әзірлеген , жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспары.

Отбасыға көмектің жеке жоспарына отбасының қиын өмірлік жағдайдан шығуы үшін нақты іс-шаралар кешені кіреді.

Отбасыға көмектің жеке жоспары әлеуметтік келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Әлеуметтік келісімшарт жасасу

Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.

Әлеуметтік келісімшарт учаскелік комиссияның қорытындысын, сонымен қоса, қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссиялардың рекомендациясын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жасалады.

Шартты ақшалай көмек алушыларымен әлеуметтік келісімшарт алты айға жасалады. Отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін жалғастыру және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен кәсіби оқуды және (немесе) жастар тәжірибесін , әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтуды аяқтамауына байланысты қажет болған жағдайда қосымша алты айға дейін ұзартылады.

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына кім тартылмайды?

Шартты ақшалай көмек төлеу үшін жұмыспен қамтудың белсенді

шараларына қатысу келесі санаттарға міндетті емес:

1)  бірінші және екінші топ мүгедектеріне;

2) күндізгі бөлімде оқитын қатыс ушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға,

курсанттарға және магистранттарға;

3) екі айдан астам жұмысқа жарамсыздығы белгіленуі мүмкін болатын

ауруға шалдыққан адамдарға;

4) басқа адамның қарауын және көмегін қажет ететін жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек-балар, бірінші және екінші топ мүгедектерін е, сексен жастан асқан қарттарға қараушы адамдарға;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалардан айырмашылығы

Жаңа нысандағы АӘК пайда болуына дейін әлеуметтік көмектің кезкелген түріне жүгіну процесі үш қадамнан тұратын қайталанатын циклмен шектелетін : арызды беру – заңдылылықты анықтау – ақшалай көмекті тағайындау және төлеу. Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін өтініш беруші үш айға жоғалатын – келесі арызды беруге дейін, ал көмекті тағайындаған маман ол туралы «ұмытатын». Әрине, өтініш берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын , бірақ отбасының басқа мүшелері бұл процесске қатыспайтын.

Жаңа нысандағы АӘК қолданыстағы бағдарламалардан негізгі Айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдің кешенділігі.

Әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінде алғаш рет жұмыс өтініш берушімен ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізіледі. Оған қоса, бірінші рет жүгіну мезетінен бастап отбасымен бір адам жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік қорғау органымен көмек алушы арасында өзара әрекеттесудің жаңа тәжірибесін жаратады.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A