Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

Мүмкіндігі шектеулі адамдар бойынша ақпарат

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Өскемен қаалсында барлық санатты 11011 мүгедек тұрады:

1 және 2 топ – 4909 адам;

3 топ – 3525 адам;

экология бойынша мүгедектер – 1674 адам;

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 903 адам.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің            2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысын іске асыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік және кәсіби оңалту жұмысы жүргізіледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетілді: біржолғы ақшалай көмек 1020,0 мың теңге сомасына 36 мүгедекке төленді, құрамында мүгедектер бар 79 отбасына – 1498,1 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі; 612 мүгедек 72853,9 мың теңге сомасына міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. естуі бойынша 75 мүгедек ымдау тілі мамандарының қызметін алады, олардың еңбекақысына жыл басынан 5235,4 мың теңге жұмсалды, қозғалуда қиындықтары бар 1 топтағы 134 мүгедек жеке көмекшілер қызметін алады, олардың еңбекақысына жыл басынан 8180,3 мың теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылдың басынан «Уба», «Зеленый бор», «Мойылды» шипажайларына санаторлық-курорттық емделу үшін 170 мүгедекке және 9 – «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аймақтық орталығына жолдамалар бөлінді.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Үлбі» үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету орталығының 2 балалар бөлімшесінде 163 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала бар, олармен бөлімнің әлеуметтік жұмысшылары түзету жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік көмектің әр түрлерін көрсетеді.

2016 жылдың басынан жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық органдарға және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы басқа мекемелерге жеткізу үшін «әлеуметтік» таксимен мүгедектерден келіп түскен 901 шақыртуға қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Алтын-Ай» ҚБ және көру мүшелері зақымданған мүгедектер ҚБ «Өскемен» корпоративтік қорымен арбамен қозғалатын мүгедектер мен жеке көмекшілердің қызметтерін алатын мүгедектерді тасымалдау қызметтерін көрсетуге шарт жасалды («инватакси» қызметін дамыту). Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген сома 16481,0 мың теңгені құрайды.

9 айда жұмыспен қамту қызметіне мүмкіндігі шектеулі 182 адам өтініш жасады, олардан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 89 мүгедек қамтылды, бұл жұмысқа орнасуға жәрдемдесуге өтініш жасаған мүгедектер санынан 50 % құрайды. Жоғарыда көрсетілген қалған адамдармен жұмыс жалғасуда.

89 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына кіреді:

- 31 адам – жұмысқа орналастыру;

- 53 адам – қоғамдық жұмыстар;

(Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК – 7, «ШҚО мүгедектер тәуелсіз қоғамы» ҚБ – 3, «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ – 2, «ШҚО статистика департаменті» ММ – 2, «Благодеяние» көруі бойынша мүгедектер қайырымдылық қоры» – 3, басқалар)

- 1 адам – Жастар іс-тәжірибесі;

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша (Россия Сбербанкіне маман)

- 4 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына.

(Ульба ПИК – 2 адам, Өскемен-Тәртіп – 1 адам, Байгонусова ЖК – 1 адам).

Мүгедектердің еңбегін қолданатын кәсіпорындарды атап өткен жөн:

- «Усть-Каменогорский завод металлоконструкций-Имсталькон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 7 адам;

- Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын – 9 адам;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын – 12 адам;

- «Полиус» ЖШС – 7 адам және басқалар.

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A