Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының аясында бюджет есебінен субсидияланатын…

Ары қарай оқу

Өскемен қаласы әкімдігінің «ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы » КММ

Әлеуметтік сала

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  «ҮЛБІ» ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ » КММ

Мекенжайы: 070018, Өскемен қаласы, Добролюбов көшесі 44; 
тел.:8 (7232) 771054, тел. (факс) 8 (7232) 772659
электрондық мекенжайы: sentr_ulba@mail.ru
Директоры - Аубакирова Сания Магауовна


«Үлбі» орталығы халықты әлеуметтік қорғау саласында келесі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: үйде қызмет көрсету жағдайында (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға); жартылай стационар жағдайында (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге); дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде зорлық-зомбылықтың құрбандары әйелдер мен балаларға; мүгедектерді, сондай-ақ   тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды тасымалдау («Әлеуметтік таки» қызметі )


Үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Өскемен қаласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері 845 жалғызбасты мүгедектер мен қарт адамдарды қамтиды.  

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері:

үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру; ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру; ас әзірлеуге көмектесу; пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу; киімдерді жууға көмектесу, тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу; тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу және т.б.


Үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері 160 психоневрологиялық аурулары бар мүгедек бала мен  он сегіз жастан асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.  

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері:

балаларға өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, қозғалыстық, сенсорлық және когнитивтік (танымдық) дағдыларды қалыптастыру бойынша іс жүзінде көмек көрсету; тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени, педагогикалық, медициналық, психологиялық, экономикалық, еңбек және құқықтық жәрдемдесу

Әрбір бала мен оның отбасы мүшелеріне оңалтудың жеке бағдарламасы жасалады, онда біріші рет қаралып тексерілгені, динамикасы, жұмыстың нәтижесі жазылады. Интеллектінің қандай дәрежеде бұзылғандығына, жеке ерекшеліктеріне, балалардың жастарына байланысты міндеттер қойылады, әдістері, түрлері анықталады, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасы ескеріледі.  


Қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету жөніндегі күндіз болу бөлімі

60 зейнеткер мен мүгедекке қызмет көрсету үшін құрылған, болу ұзақтығы: әрбір демалу кезеңі 13 жұмыс күнінен тұрады. Қабылдау «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің тізімі мен жолдамасының негізінде жүзеге асырылады.         

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету(физиотерапия, массаж, циркулярлық душ), 3 рет тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени, педагогикалық, медициналық, психологиялық, экономикалық, еңбек және құқықтық жәрдемдесу.


Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге қызмет көрсету жөніндегі күндіз болу бөлімі.

Бөлім 15 адамға есептелінген.

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: жеке қажеттіліктерін ескерумен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, оңалту және әлеуметтік–сауықтыру іс–шараларын өткізу, 2 рет тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік- педагогикалық үйрету, ҮЕҰ-ды, оқу орындарын және т.б. жұмылдырумен мәдени, спорттық және дамыту сабақтарын ұйымдастыру жолымен қоғамға кірігу және әлуметтену.


Дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі. Бөлім үш бағытта жұмыс істейді: сенім телефоны,- консультация беру пункті, әйелдер мен балаларға арналған пана.   Тел. 77-19-22 тәулік бойы. ДЖШБ-не өтініш білдіру себептері тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық, трафик, бала мен ата-ананың қарым –қатынасындағы және өндірістегі тұлғааралық сипаттағы проблемалар, көршілерімен проблемалар және басқа да болуы мүмкін.    

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: тәулік бойы психологиялық көмек көрсету,  тамақ берумен 5 төсектік орынды пананы ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық көмек беру  және заңгерлік консультацияның берілуіне жәрдемдесу.

«Әлеуметтік такси» қызметі 2009 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істейді, мүгедектерге, сондай-ақ   тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, арбадағы мүгедектерге, балдақтың, протездің көмегімен қозғалатын  мүгедектерге (МӘС тізімі бойынша, компьютерлік деректер бар) қызмет көрсетеді, денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріне, өкілдік пен атқарушы органдарға және басқа мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады, мүгедектерге қызмет көрсеткенде ілесіп жүретін адам туысқандарының біреуі болуы керек .   


Ардагерлердің «Рябинушка» хоры

 «Үлбі» орталығының музыкалық жетекшісі Владимир Павлович Паладьев хор мүшелерімен ауқымды репертуарлар дайындайды, күндізгі бөлім демалушыларының, «Үлбі» орталығының қызмет алушыларының, қала ардагерлерінің алдында концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді.1999 жылы «Ровесники» ардагерлер клубы құрылды. Барлық өткізілетін іс-шаралар қарт адамдарды әлеуметтік және рухани сауықтыруға бағытталған.     

 

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A