Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ресми веб-сайты

ҰОС қатысушысы М.Я. Головатюкты 90-жылдық мерей тойымен құттықтау

2017 жылдың 16 қазанында сағат 11.00 қала әкімінің орынбасары О.А. Булавкина, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік…

Ары қарай оқу

Өскемен қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу Өскемен қалалық орталығы» КММ

Өскемен қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу Өскемен қалалық орталығы» КММ
  • Мекенжайы: 070503, ШҚО, Глубокое ауданы, Белоусовка кенті, Пушкин көшесі 59А.
  • тел:8 (72331) 3-10-10, e-mail: gu-csa@mail.ru
  • Директор – Мустафин Ерлан Кабдуллович

Мекеме жұмысының мақсаты:

Стандартқа сәйкес қызмет алушыларға жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету, қызмет алушыларды қалыпты өмірге қайта алып келетін өзге де іс-шараларды жүргізу.

Орталық келесі арнаулы әлеуметтік қызметтер турлерін көрсетеді:

  1. Әлеуметтік –тұрмыстық
  2. Әлеуметтік – медициналық
  3. Әлеуметтік – психологиялық
  4. Әлеуметтік – еңбек
  5. Әлеуметтік –құқық
  6. Әлеуметтік –экономикалық
  7. Әлеуметтік – мәдени

Әлеуметтік –тұрмыстық қызметтер:
-қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
-төсек орын ұсыну, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киіммен қамтамасыз ету;
-жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
- киімді, іш киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
-тұрмыстық өз-өзіне қызмет көрсету үшін жағдай жасау (жеке киімдері мен киімдерін
жуу, кептіру, үтіктеу);
-көзделген тамақтану нормаларына сәйкес үш реттік тамақ беру.

Әлеуметтік – медициналық қызметтер:
-алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
-дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды
денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
-медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
- тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
-дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
-мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес
протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- арнайы маманның медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;

Әлеуметтік – психологиялық қызметтер:
-психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
- әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
-қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
-психологиялық консультация беру;
-психологиялық тренингтер.
Әлеуметтік – еңбек қызметтер:
-қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
-қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
- кәсіби бағдарлау;
-бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Әлеуметтік – мәдени қызметтер:
- мәдени-патриоттық және бос уақыт іс-шараларын өткізу.
Әлеуметтік –экономикалық қызметтер:
-тиісті жәрдемақыларды, зейнетақы және басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік –құқық қызметтер:
-заңгерлік көмек көрсету;
-қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік –медициналық мекемелеріне (МӘМ) орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу.

Орталықтың бөлімшелері
Түнде болу бөлімшесі:
Қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін БТЖ адамдарға тәуліктің түнгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған. Бөлімшенің қызметіне:
- ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21-ден 9-ға дейін, қысқы уақытта сағат 18-ден 10-ға дейін)  төсек орын жабдықтарымен төсек орын беріледі;
- медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өту;
- іш киімді, киімді, жеке заттарын, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
-санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

«Әлеуметтік патруль» Мобильдік қызмет
Диспетчердің телефоны: 8-72331-5-37-94
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж белгілі тұрағы жоқ адамдарды тәуліктің күндізгі уақытында, күн сайынғы рейдтер арқылы олардың көшеде өмір сүру орындарынан табуға және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін орталыққа жеткізуге арналған. Бөлімшенің қызметіне:
- көмекке мұқтаж белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығына және түнде болу бөлімшесіне жеткізу;
- алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
- дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету;
- жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін алудың тиімділігі жөнінде БТЖ тұлғалармен профилактикалық әңгімелесуді жүргізу жатады.

Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу негізгі іс-шаралардың бірі еңбек терапиясы болып табылады. Еңбек дағдыларын зерттеу, майлау, тігін және токарлық іс сияқты қол жетімді кәсіби дағдыларға үйрету, бақша мен шеберханадағы жұмыстарға, аумақты көгалдандыру, ғимаратты жинау бойынша қоғамдық-пайдалы жұмыстарға қатыстыру.

Еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады.

Қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.

Орталықта жүретін қызмет алушыларға бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету қарастырылған, кітапхананың болуы. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету аясында орталықта мерекелер, сайыстар, туған күн иелерін құттықтау, тақырыптық әңгімелер мен кештер, қарым-қатынас сағаттары өткізіледі, тақырыптық сөрелер мен газеттер ресімделеді. Қызмет алушылардың негізгі бос уақыттарын кітап оқу құрайды: ол әр-түрлі әдебиет, журналдар, газеттер және т.б.

 «Қолөнер», «Компьютерлік сауаттылық» үйірмелері және «Свет души» клубы жұмыс істейді, олардың негізгі әдістері тақырыптық пікірталас деп аталатын диалогтық жұмыс түрлері болып табылады. Осылайша қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрістері кеңейіп, шығармашылық белсенділігі артады. Қызмет алушыларды концерттерге қатысуға және ұйымдастыруға белсенді тартудың арқасында, ұжым ішінде қарым – қатынас қалпына келтіріліп, көбінің пайдалылық, маңыздылық және қажеттілік сезімі пайда болды.

Жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету маңызды рөл атқарады. Психологиялық көмек олардың дағдарыс жағдайынан шығу үшін физикалық, рухани, жеке, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемалар мен қиындықтарды өз бетімен шешу үшін, қолайлы ауқымының кеңейгеніне, өз-өзіне сенімділігін нығайтуға жәрдемдеседі. Психологтың жұмысында жан-жақты тақырыптарға топтық пікірталас әңгімелерді жүргізу тиімді жиі қолданылатын әдіс болып табылады. Соның нәтижесінде қақтығыстарды жою және алдын алу үшін тұлғааралық қатынастарды жөнге салу бойынша көмек алады. Қызмет алушылардың психикалық және физикалық денсаулықтарын қалпына келтіру үшін, орталықта сенсорлық бөлме жұмыс істейді.

 

Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A