«Өрлеу» – шартты ақшалай көмек

мемлекеттік бағдарламасының жобасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақ-ты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетін болады. Ең-бек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс.

Қазіргі уақытта осы бағыт «Өрлеу» жобасында жүзеге асырылады.

2014 жылы Қазақстанның үш облысында: Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл «Өрлеу» пилоттық жобасы басталды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға мемле-кеттік жәрдемақыдан «Өрлеу» жобасының өзгешелігі әлеуметтік көмектің белсенді түрлерін қарастырады, онымен қатар отбасы өзіне отбасыны белсендірудің әлеумет-тік келісім шартының талаптарын орындау үшін жауапкершілік артады. Жоба ке-дейліктен шығуға жағдайы бар, бірақ өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кедергіні меңгеру үшін көмекке және сүйемелдеуге мұқтаж халықтың осы топтарына көмек-тесуге тартылған. Шартты ақшалай көмек төлемі арқа сүйеушілік кейіпті азайтуға және пассивті ақшалай көмектен аз қамтылған халықты белсенді қолдауға ауысуға себептеседі.

«Өрлеу» жобасына қатысуға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 %-дан төмен орташа жан басына шаққандағы табысымен отбасылардың құқығы бар (2016 жылғы 2 тоқсанда – 12322 теңге). Көмектің мөлшері отбасының орташа жан басына шақ-қандағы табысы мен жоғарыда көрсетілген сома арасындағы айырма ретінде анық-талады. Орташа жан басына шаққандағы табыс келісім шарттың қолданыс мерзімі-нің ішінде қайта қаралмайды (отбасының құрамы өзгерген жағдайдан басқа). Сіз жұ-мысқа орналассаңыз немесе басқа табыс көзін тапсаңыз, бұл 6 айға тағайындалған жәрдемақы мөлшеріне әсер етпейтіндігін білдіреді. Осы уақытта отбасында мұқтаж-дықтан шығуға, тұрақты табыс қамтамасыз етуге және еңбек нарығында тұрақтануға мүмкіндік пайда болады.

«Өрлеу» жобасы бойынша отбасына ұсынылатын көмек шартты болып табы-лады. Отбасы келісім шарттың талаптарын орындаған кезде ақшалай жәрдемақы алатынын білдіреді. Басты талаптарының бірі отбасының еңбекке қабілетті мүшеле-рінің жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуы болып табыла-ды, яғни: тұрақты жұмыс орнына орналастыру, оқыту және біліктілікті арттыру, қо-ғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі. Егер отбасы құрамында жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуға үміткер-лерден басқа 3 жасқа дейінгі баланың, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж 1 және 2 топ мүгедектерінің, 80 жастан асқан қарт адамдардың күтімін іске асыратын еңбекке қабілетті мүшелер болса, онда олардың жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуы міндетті шарт болып табылмайды.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басы нкуәландыратын құжат;
  • отбасы құрамы туралы мәліметтер;
  • тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелімін растайтын құжат немесе мекенжайлық анықтама;
  • отбасы мүшелеріне қорғаншылықы (қамқорлық) белгілеуін растатйын құжат (қажеттілік жағдайында);
  • жеке қосалқы шаруашылығының бары туралы мәліметтер;
  • соңғы 3 айға алған табыстары туралы мәліметтер.

«Өрлеу» жобасы бойынша толық ақпарат алу үшін Тургенев к., 30 (103 каби-нет), телефон 55-16-43 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтініш жасау қажет.