2016 жылғы 24 тамызда Тургенев к., 30 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратының аумағында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен іс-шараға қатысушылар үшін музыкалық нөмірлер ұйымдастырылды.

        Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкина және «Сбербанк России» акционерлік қоғамының еншілес банкі басшысының орынбасары Динара Камалькановна Ногомбаева аз қамтылған, көп балалы отбасылардан 100 балаға кеңсе тауарларымен сөмкелер табыстады.

        «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

        «Сбербанк России» АҚ; «КЭМОНТ» ЖШС; «Өскемен май зауыты» ЖШС; «ЖБК» ЖШС; «Каравай» нанзауыты» ЖШС кәсіпорындарының басшыларына алғыс білдіреді.