2016 жылғы 26 тамызда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

      Жәрмеңкені өткізу мақсаты: жасампаз еңбекке белсенді азаматтық көзқарасты, әлеуметтік-саяси процестерге қатыстылығы сезімін қалыптастыру. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау.

      Бос жұмыс орындарын жәрмеңкесін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова ашты. Жәрмеңкеге қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Самал Серікханқызы Мырзабаева, жұмыс берушілер атынан – «Востокцветметгазоочистка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр бөлімінің аға инспекторы Ольга Геогардовна Синицына құттықтау сөз сөйледі.

      Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қала экономикасының әр түрлі саласындағы 31 кәсіпорын қатысты, олардың арасында: «Рейтинг» ЖШС, «Легион СтройГрад» ЖШС, «Қорғаныс істері басқармасы» РММ, «Шығыс Қазақстан облыстық ау-руханасы» ШЖҚ КМК, «Стройэлитриэлти» ЖШС, «Бипэк Авто Казахстан» ЖШС, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «№ 17 «Ручеек» балабақша-ясли» КМҚК, «Гармония» шаруақожалығы, «Востокцветметгазоочистка» ЖШС, «ВК РЭК» АҚ, «Казцинк Ремсервис» ЖШС, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығы, «Дәрі-дәрмектерді, медициналық маңызды өнімдерді және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы», «Әуежай» АҚ, «Востокмашзавод» ЖШС, ШҚО Қорғаныс істері департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, «Казахское Специализированное Ремонтно-Наладочное Предприятие» ЖШС және басқа, олармен радиоэлектрбайланысты пайдалану мен бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, арнайы көлік қызметінің бастығы, жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің бастығы, жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің ауысым бастығы, АХО инженері, сапа бақылау аудиторы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторы-профайлері (психолог), авиациялық орнитология инженері, энергетик, электрмонтаждаушы, мұнара, автомобиль крандарының машинисті, механик, жүк тиегіш жүргізушісі, бухгалтер, электргаздәнекерлеуші, медбике, музыкалық жетекші, әр түрлі жұмыс істейтін адам, жинаушы, әрлеуші, балташы, аула сыпырушы, жүргізуші, электрик, бармен, қоймашы, күзетші, бағдарламашы, жабдықтарды жөндеу слесарі және басқа кәсіптер бойынша 130-дан астам бос орын ұсынылды.

      Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын таныстырды, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу жүргізді, жұмысқа қабылдау шарттары туралы айтып берді, дербес мәліметтерін жазып алды.

      Іс-шара ағымында жәрмеңкеде консультациялық орталық жұмыс істеді, онда жәрмеңкеге қатысушылар келесі мәселелер бойынша қажетті ақпаратты алды: жұмысқа орналасу, қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру – 82 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу – 26 адам, атаулы және тұрғын үй көмегін тағайындау және «Өрлеу» жобасына қатысу – 32 адам, 29 адам - ҚР ДСжӘДМ ШҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің өкілдерінен зейнетақылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация алды.

      Одан басқа, 30-дан астам адам «Түйіндемені қалай дұрыс жасау және жұмыс берушімен сәтті әңгімелесуден қалай өту керек» шебер сағатына қатысты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері өз ісін ашудың талғампаздығымен таныстыру және жизнес-жоспарларын құру бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді – 24 адам.

      Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша шағын несие алған қатысушылар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен шығарылатын өнімдерінің көрме-саудасы ұйымдастырылды.

      Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеумен 180-нен астам адам келді, тұрақты жұмысқа орналасуға 128 жолдама берілді, 27 – қоғамдық жұмыстарға,            6 адам – Жастар іс-тәжірибесіне жолданды, әлеуметтік келісім шарттар жасалды: «Востокмашзавод» АҚ жұмысшыларымен қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмысшылардың жоғалтылған табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялауға – 2 адам, «Өрлеу» жобасы бойынша – 2 адам, 3 адам – тұрақты жұмысқа жәрмеңке барысында орналастырылды.