Өскемен қаласының әкімдігі «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

       Конкурс жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қала әкімдігімен бірлесе Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 955 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсы туралы қаулының негізінде өткізіледі.

       Конкурстың мақсаттары мен тапсырмалары: әлеуметтік серіктестікті нығайту және дамыту, меншік түрінен тәуелсіз, халықты жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесетін, тиімді, өркениетті еңбек нарығын құруға, жұмыс берушілердің жұмыспен қамту қызметімен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастығын жандандыруға себептес болған, Өскемен қаласының жұмыс берушілерінің кадр қызметтерінің жұмысшыларын (мамандарын) және басшыларын анықтау және мадақтау болып табылады.

       Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары: 2016 жылдың 12 шілдесінен 15 қыркүйегіне дейін өткізіледі; конкурсқа қатысу құқына қаланың аумағында орналасқан барлық жұмыс берушілер ие. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуі үшін», «Жұмыс орындарын сақтағаны және құрғаны үшін».

       Конкурсты қорытындылау «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсы туралы ережемен бекітілген критерийлер бойынша мамандар қатарынан арнайы құрылған жұмыс тобымен 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

       Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпаздарын алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау ұйымдастырылады. Конкурс қорытындылары туралы ақпарат БАҚ-да және қала әкімінің ресми сайтында жарияланады.

       Өскемен қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсы туралы қаулы, конкурс өткізу бойынша жұмыс тобының құрамы (қаулыға қосымшаға сәйкес) және Конкурс туралы ереже қала әкімінің ресми сайтында жарияланады: http://www.oskemen.gov.kz.

       «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсы туралы қосымша ақпаратты Тургенев к., 30, тел. 8(7232)753683; 8(7232)551835 бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен алуға болады.