Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша 4 Саммитіндегі «Әлем 21 ғасыр» манифестін қолдау аясында Қазақстан халықтары Ассамблеясының мұрындық болуымен «Ақ орамал» акциясы бастау алған республикалық акция Өскемен қаласындағы «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалғасын тапты.

       Тазалық пен адалдық, абырой мен ізгіліктің, аманат пен татулықтың белгісіндей – «ақ жаулық» үлкен философиялық мәнге ие. Осы акцияның мақсаты – барлық адамдарды ынтымаққа, бейбітшілікке шақырып, құндылығымызды бағалау!

       «Үлбі» орталығының нәзік жандары флешмоб ұйымдастырып, құрметті әйел, ана және еңбек сіңірген педагог Ардак Ыгыланбекқызы ақ батасымен қолдау көрсетті.