Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуында жоғары нәтижелерге жетті. Бүгін Қазақстан халықты әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейіне бағытталған. Әлеуметтік көмекті жетілдіру аясында 2014 жылдан облыста «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылады.

     «Өрлеу» - аз қамтылған халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жоба. Негізгі міндеті осы жобаға аз қамтылған азаматтар қатарынан қатысушылардың көп санын тартуды қамтамасыз ету болып табылады.

       2014 жылдан Өскемен қаласында шартты ақшалай көмекті 27,6 млн. теңге сомасына 539 адам санында 113 отбасы алды.

     Бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің жобаға қатысуы туралы шартты ақшалай көмек алушылар Евгения Михайловна Сысоева, Гуьжан Оразхановна Абдырахманова, Гуляим Тельжановна Тамбаева және Любовь Александровна Овечкина айтып берді. Бейнесюжет «Қазақстан-Өскемен» және «Атамекен» телеарналарында көрсетілді, ақпарат «altaynews.kz» сайтында, «Мой город», «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінде орналастырылды.

 

Бейнематериал «Атамекен» телеарнасымен дайындалған http://www.atamekentv.com/