I. ҚАЗАҚСТАНДА  «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕЛІКТЕН ҚАБЫЛДАНДЫ?

 

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» бағдарламасы  (одан әрі  – Бағдарлама), Ел басының тапсырмасы бойынша әзірленген, өзінің  басты мақсаты ретінде халықтың табысының көтерілуін қояды.

Бағдарламаның негізгі тапсырмалары болып табылады:

•  экономиканы білікті кадрлармен қамту және экономикалық өсімді қамтудағы көмек;

•  жұмыспен қамтудағы көмек;

•  кәсіпкерлік қызметке көмек, әсіресе ауылда;

•  еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобилдігін арттыру, сонымен қатар еңбек жастарының;

•  өздігінен жұмыспен қамтылатын халықтың жұмыспен қамтылу нәтижелілігін арттыру, олардың дәрежесін нысандандыру;

•  әлеуметтік қолдау шараларының адрестілігін нығайту, асырауында болуды төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру.

II. БАҒДАРЛАМА ШЕГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ҚАНДАЙ ШАРАЛАРЫ КӨРСЕТІЛЕДІ?

 

БІРІНШІ БАҒЫТЫ – ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ –КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУ:

  • Мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаларды, аумақты дамыту бағдарламаларының шеңберінде үлестірілетін жобаларға жұмысқа орналастыруға септігін тигізу.

ЕКІНШІ БАҒЫТЫ – АЗАМАТТАРДЫ ЖӘНЕ ОРАЛМАНДАРДЫ КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАҒА ЖӘРДЕМДЕСУ:

  • Жол жүруге және тұруға материалды көмекті ұсынумен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге қатысу;
  • Шағын несиелерді ұсыну - 3 млн., 5 млн. және 6 млн. теңгеге дейін (толығырақ төменде қарау);
  • Бір жылға дейінгі мерзімге жобаны (маркетингтік, заңды, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) сүйемелдеу бойынга сервистік қызметтерді ұсыну;
  • инженерлі-коммуникациялы инфрақұрылымның жетіспейтін  нысандарын дамыту және\немесе құру  және\немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен жабдықты сатып алу;

ҮШІНШІ БАҒЫТ – ЖҰМЫС КҮШІН ДАМЫТУ, ОНЫҢ МОБИЛДІГІН АРТТЫРУ:

  • жұмысқа орналастыру (СРМ,МП, ОР);
  • кәсіби даярлау, біліктілікті қайта даярлау және арттыру курстары, сонымен қоса ішінара қамтылған жалданбалы қызметкерлер;
  • оқу мерзіміне материалды көмекті ұсыну (тамақтануға, жол жүруге және тұруға шығындарды өтеу, шәкіртақылар);
  • қысқартылған жұмыс уақытына білікті жұмыскерлердің  2/3  жоғалған табысын уақытша субсидиялау;
  • көшіп қонуға субсидия ұсыну;
  • жаңа тұрғылықты орынына жұмысқа орналасуға ықпалдасу;
  • қызметтік тұрғын жайларды ұсыну;
  • жастарға жатақханаларда бөлмелерді ұсыну.
III. БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ? 

 

 

Бағдарлама қатысушылары  болып, жұмысқа мұқтаж, жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, өзін өзі жұмыспен қамтығандар тұлғалар ішіндегі Қазақстан Республикасының азаматтары, және де оралмандар табылады.

Бағдарламаға қатысудың басым құқығына ие:

  • жұмыссыздар, алты айдан астам халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрғандар және жұмысын жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемдерді алмайтын,  жұмыссыздар;
  • алғаш жұмыс іздегелі жатқан тұлғалар (бұрын жұмыс істемеген) және біліктілігі жоқ;
  • 29 жасқа дейіңгі жастар, мектеп бітірушілерді және жалпы білім беру мектептерінің 9, 11 сынып оқушыларын, оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жоғары және жоғары оқу орынындағы білімнен кейін, орта білімнен кейін, кәсіби және техникалық ұйымдарды қоса алғанда;
  • Он алты жастан жиырма үш жасқа дейіңгі жастағы, балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйінің, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарының түлектері және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;
  • мүгедектер, егер де медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулығының жағдайыеңбек міндеттемелерін орындауға  бөгет болмаса, немесе оның денсаулығына және (немесе) басқа тұлғалардың еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндірмесе;
  • Ауылды жерлерде өмір сүретін әйелдер;
  • 50 жастан асқан тұлғалар зейнеттік жасқа жеткенге дейін;
  • Жалпы бекітілген жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер;
  • Бұрын ауыр жұмыстарда, зиянды (аса) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істеген тұлғалар және мемлекеттік сыйақыларды алушылар болып табылатындар;
  • ҚР Қарулы  Күштерінің қатарынан шығарылған тұлғалар;
  • Бас бостандығынан айру орындарынан босатылған тұлғалар және (немесе) мәжбүрлі емдеуден өткен тұлғалар;
  • Жұмыс берушіні таратумен байланысты босатылған тұлғалар – жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына алып келген, заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің қызметінің тоқтауы – жеке тұлғаның, жұмысшылардың санының немесе жұмыскерлер штатының қысқаруымен, өндіріс және орындалатын жұмыстың және қызметтердің көлемінің қысқаруымен;
  • зейнет алды жастағы тұлғалар (зейнетке дейін екі жыл);
  • анықтау қызметінде есепте тұрған тұлғалар;
  • тәрбиесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бар  жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;
  • 7 жасқа дейіңгі балаларға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедекке  қарауды жүзеге асыратын тұлғалар;
  • оралмандар;
  • лаңкестік актісінің нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, және оның  қиылысуына қатысқан тұлғалар;
  • жазғы демалыс уақытындағы студенттер және жалпы білім беру мекктептерінің жоғары сыныптарында оқитындар
IV. ҚАЛАЙ БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

 

 

Бағдарламаға қатысу үшін  қажетті құжаттарды қоса тіркеумен Бағдарламаға қатысуға арызбен халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Бұдан әрі мемлекеттік қолдауға үміткерлердің мұқтаждығын бағалау, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау  жүргізіледі.

Жұмыспен қамту Орталығы арыз берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешімді қабылдайды.

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына кірген тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын әлеуметтік шарт жасалады.

V. БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚАЖЕТ?

 

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына кіргізу үшін қажетті құжаттардың тізімі, азамат қатысуға ниетін білдірген бағытқа байланысты.

1 БАҒЫТ БОЙЫНША: 

Үлестірілетін жобаларға жұмысқа кіруге мүдделі, Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар, келесі құжаттарды қоса тіркеумен Бағдарламаға қатысуға арызымен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді:

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
  • тұрақты тұрғын орны бойынша тіркеуді, уақытша тіркеуді растайтын құжаттардың көшірмелері (мекен-жайлық анықтама, ауыл әкімшіліктерінің анықтамасы);
  • болған жағдайда білімі туралы (аттестат, куәлік, диплом)  құжаттың және\немесе оқудан өткендігін растайтын басқа құжаттардың көшірмесі  (куәлік, сертификат).

2 БАҒЫТ БОЙЫНША:

Шағын несиені алушыларға үміткерлер  халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса тіркеумен арызын береді:

  • ҚР азаматының тұлғасын, оралманның тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
  • тұрақты тұрғын орны бойынша тіркеуді растайтын құжаттардың көшірмелері (мекен-жайлық анықтама, ауыл әкімінің  анықтамасы);
  • оралмандардың және қоныс аударушылардың аумақтық квотасына қосу (келісу)  туралы комиссияның шешімінің көшірмесі;
  • ұйымға арналған бизнес-ұсыныс немесе жеке істі кеңейту;
  • инженерлі-коммуникациялы инфрақұрылымның жетіспейтін нысандарын құру және (немесе) дамытуға арыз (қажет жағдайда), және (немесе) жабдықты сатып алу, сонымен қоса жергілікті бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын отарлы мал шаруашылығын дамыту.

Жеке ісін кеңейтуді жоспарлайтын тұлғалартөлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды қосымша ұсынады (тұлға қызмет етілетін, екінші деңгейдегі банктің немесе оның бөлімшесінің, мөрі және қолы қойылған, банк және оның бөлімшесінің алдында, анықтаманы беру мерзімінің алдында үш айдан астам созылған, тұлғаның барлық міндеттемелері бойынша,  мерзімі өтіп кеткен қарызы жоқтығы туралы анықтамасының түпнұсқасы).

БАҒЫТТЫҢ 1 ҚҰРАМДАСЫ БОЙЫНША: 

Әлеуметтік жұмыс орындарына  қатысу үшін  жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды тіркеумен арыз береді:

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың  көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • білім туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • № 086/у формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі.

Жастар практикасына  қатысу үшін  жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды тіркеумен арыз береді:

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың  көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • техникалық және кәсіби, орта, жоғары және ЖОО кейіңгі білімді растайтын құжаттың көшірмесі.

Жұмыс берушімен  кәсіби оқуға қатысуға таңдалған үміткерлер, ескерткен күннен үш жұмыс күнінің ішінде аудандық, тұрғылықты мекен жайы бар қалалық жұмыспен қамту орталықтарына арызын береді. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың  көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • № 086/у формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • болған жағдайда білімі туралы (аттестат, куәлік, диплом)  құжаттың және\немесе оқудан өткендігін растайтын басқа құжаттардың көшірмесі  (куәлік, сертификат);
  • еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істейтіндер толық емес жұмыс уақытына ауыстыру немесе жұмыс уақытының  қысқартылуы  туралы, немесе еңбек ақысының сақталуынсыз демалысты немесе үш жасқа дейін баланы қарау бойынша еңбек ақысының сақталуынсыз демалысты ұсыну немесе мәжбүрлі тоқтау туралы жұмыс берушінің актісін ұсынады (ерікті түрде).

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүдделі тұлғалар, келесі құжаттарды тіркеумен арыз береді:

  • жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың  көшірмесі;
  • тұрғылықты орны бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (мекен-жайлық анықтама, ауыл әкімінің  анықтамасы);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • болған жағдайда білімі туралы (аттестат, куәлік, диплом)  құжаттың және\немесе оқудан өткендігін растайтын басқа құжаттардың көшірмесі  (куәлік, сертификат);
    • толық емес жұмыс уақытына ауыстыру немесе жұмыс уақытының  қысқартылуы  туралы, немесе әлеуметтік демалысты ұсыну, немесе мәжбүрлі тоқтап қалу, еңбек жалақысы сақталмай демалыс (ішінара жұмыспен қамтылған ажлданбалы жұмыскерлер үшін) туралы, жұмыс берушінің актісі;
    • демалыста болуы туралы оқу орынынан анықтама (болған жағдайда).

    3 БАҒЫТТЫҢ  2 ҚҰРАМДАСЫ БОЙЫНША:  

    Бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына арыз береді. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • ҚР азаматының жеке тұлғасын, оралманның жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың  көшірмесі;
  • мекен-жайлық анықтама;
  • арыз берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтер;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі  (диплом, аттестат, куәлік) (болған жағдайда);
  • оралмандарды қабылдаудың аумақтық квотасынан бас тарту, қосу (келісу) немесе уәкілетті органның шешімі туралы комиссияның шешімінің көшірмесі.
VI. БАҒДАРЛАМАШЕҢБЕРІНДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУДЫҢ ҚАНДДАЙ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛАДЫ?

 

 

1)    Бар бос орындарға тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал ету (жұмыс берушілермен жеке немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы);

тұрақты жұмыс орындары болмаған жағдайда уақытша жұмыс орындарына орналастыру:

2)    1 бағыттың шеңберінде инфрақұрылымды жобаларға жұмысқа орналастыру;

3)    Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру (1 жылға дейін);

4)    Қоғамдық жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру (жұмыскердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жұмыс);

жұмыс өтелімі болмаған жағдайда:

5)    Бастапқы жұмыс өтелімін алу үшін жастар практикасына жұмысқа орналастыру (6 айға дейін);

қажетті білімі мен дағдылары болмаған жағдайда:

6)    Кейінгі жұмысқа орналастырумен жұмысқа жіберу (кәсіби оқуды аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушімен берілген тұрақты жұмыс орындарына жібереді);

тиісті жұмыс және басқа аумақта маманның талап етілуі болмаған жағдайда:

7)    Жаңа тұрғылықты орынында жұмысқа орналасуға ықпалдасстық ету (көшу және тұрғын жайды ұсыну кезінде материалды көмекті көрсету).

8)    жұмыс берушілерге жұмыс мемлекеттік гранттарын ұсыну есебінен, еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істейтіндердің біліктіліген арттыру және қайтта даярлауына жіберу;

9)     қысқартылған жұмыс уақытына білікті жұмыскерлердің  2/3  жоғалған табысын уақытша субсидиялау.

VII. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

 

 

Әлеуметтік жұмыс орыны  уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және келесі критерийлері бар:

1) жолдаманы беру сәтіне жолданбалы азаматтар үшін лайықты тұрақты жұмыс болмады;

2) әлеуметтік жұмыс орындары арнайы жұмыссыздар үшін құрылады, олардың ішінде басым құқыққа ие:

- Он алты жастан жиырма үш жасқа дейіңгі жастағы, балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйінің, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарының түлектері және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;

- зейнет алды жастағы тұлғалар (зейнетке дейін екі жыл);

- мүгедектер;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлі емдеуден өткен тұлғалар;

- анықтау қызметінде тұратын тұлғалар;

- тәрбиесінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бар  жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;

7 жасқа дейіңгі балаларға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедекке  қарауды жүзеге асыратын тұлғалар;

- оралмандар;

- лаңкестік актісінің нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, және оның  қиылысуына қатысқан тұлғалар.

3) жұмыспен қамту ұзақтығы- 12 айға дейін;

4) жұмыс орынының көлемі шектелмеген, жұмыс уақытша сипатқа ие және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос орындар қолданыла алмайды;

5) азаматтарды ұыймдастырылған  жұмыс орындарына орналастыру он екі айлық кезеңге бір рет рұқсат етіледі және тіркеу күніне сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырылады;

6) жұмыстан босатылғанға дейін бір жыл ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болған тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

VIII. ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және келесі ерекшеліктері бар:

1) түлектермен алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс өтелімі үшін арнайы бағытталған;

2) жолданатын түлектер жұмыссыздар ретінде уәкілетті органда тіркелген және олардың жасы 29 аспайды;

4) жолдаманы беру сәтіне уәкілетті органда және\немесе халықты жұмыспен қамту орталығында түлек үшін лайықты тұрақты жұмыс болмады;

5) түлектерді жастар практикасына қатысуға орналастыру он екі айлық кезеңге бір рет рұқсат етіледі және тіркеу күніне сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырылады;

6) ұзақтығы - 6 айдан аспайтын мерзім;

7) жасалған еңбек шартының мерзімінің өтуі бойынша жұмыс беруші жастар практикасының қатысушысына оның талабы бойынша оның өтуі туралы пікір (ұсыным хатын) береді.

IX. БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Шағын несиелеу олардың әкімшілік әлеуетінің орта және жоғары дамыған ауылдарында, олардың әкімшілік тәуелділігіне қарамастан, кіші қалаларда, қалалық әкімшілік тәуелділіктегі аумақтардағы поселкілерде жүзеге асырылады.

Шағын несиелендіру шарттары:

1) бюджетті несиенің мақсатты бағыты – жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту;

2) шағын несие тұтыну мақсаттарына, алдындағы қарыздарды өтеуге және тұрғын мүлікті иеленуге, және де сауда аясындағы қызметті жүзеге асыруға ұсынылмайды;

4) шағын несие сомасы құрайды:

  • 3 млн. теңгеге дейін – жеке істі ұйымдастыруға және кеңейтуге;
  • 5 млн. теңгеге дейін–Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған аумақтарға келген қоныс аударушылар және оралмандар үшін;
    • 6 млн. теңгеге дейін – Бағдарламаның қатысушыларының ауыл шаруашылық кооперациясы кезінде жеке қоймалық шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндірісті ұйымдастыруға  (2016 жылы Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үлестіріледі).

5) Агро өнеркәсіптік кешендегі шағын несиелер шаруа қожалығын, фермерлік шаруашылықты,  ауыл шаруашылық коперативтерін құру немесе жеке кәсіпкерлік ретінде тіркеу жағдайында беріледі;

6) қарыз алушыға шағын несиелеу мерзімінің 1/3 аспайтын ұзақтығы мерзімінің негізгі қарызы бойынша  жеңілдік кезеңі ұсынылады;

7) жылдық сыйақыландыру жарнасы: 5 - 7 %.

     Басымдылыққа ие:

  • моно және кіші қалаларда, ауылды жерлерде тұратын тұлғалар;
  • мүгедектер;
  • зейнеттік жасқа жеткенге дейінгі 50 жастан асқан тұлғалар;
  • 29 жасқа дейіңгі жастар.
X. БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЙДА ҚОНЫС АУДАРУҒА БОЛАДЫ?

Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік экономикалық дамудың төмеңгі әлеуетті деңгейі бар елді мекендерден әлеуметтік экономикалық дамудың жоғары әлеуетті деңгейіне көшуі  және экономикалық өсу орталықтары жүзеге асырады:

1) бір ауданның ішінде;

2) басқа ауданнан (облыстық мағынасы бар қаладан) басқа ауданға  (облыстық мағынасы бар қала) бір облыстың шегінде;

3) бір облыстан басқаға.

XI. БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША КӨШІП ҚОНУҒА СУБСИДИЯ ҚАНДАЙ КӨЛЕМДЕ ТӨЛЕНЕДІ?

 

 

Бағдарламаға қатысушыларға көшіп қонуға байланысты субсидиялар ұсынылады:

1) бір ауданның ішінде –отағасына  10 АЕК, отбасының әр мүшесіне  5 АЕК көлемінде;

2) бір ауданнан  (қалалық маңызы бар) басқасы бір облыс шегінде – отағасына 25 АЕК, отбасының әр мүшесіне  15 АЕК көлемінде;

3) бір облыстан басқасына– отағасына  50 АЕК, отбасының әр мүшесіне  35 АЕК көлемінде.

 

XII. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА КӨШІП ҚОНУШЫЛАРҒА ҚАНДАЙ ТҰРҒЫН ЖАЙ ҰЫСЫНЫЛАДЫ?

 

 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалданған тұрғын үй кем дегенде он бес шаршы метр және  бір адамға он сегіз пайдалы шаршы метрден аспайтын көлемде ұсынылады, бірақ кем дегенде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадан бөлме.

Жатақханалардағы бөлмелер 29 жасқа дейіңгі жастарға, олардың бұрыңғы тұрғылықты жеріне қарамастан, сонымен қоса облыс орталықтарында ұсынылады (сонымен қоса, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасын жоғалтқандарға).

Жастараға  жатақханалардағы бөлмелер, сонымен қоса некедегілер, келесі жағдайларда ұсынылады:

1)   29 жасқа дейіңгі жас;

2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік шарттың болуы;

3) тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысу.

Жастарға жатақханалардағы бөлмелер 5 жыл мерзімге дейін беріледі, бірақ  жекешелендіруге жатпайды.

Бағдарламаға қатысушылардың немесе олардың мүшелерінің жеке меншік құқығы негізінде жаңа тұрғылықты жайы бойынша тұрақты пайдалануында коммуналды тұрғын қорынан тұрғын жайы болған жағдайда, немесе жаңа тұрғын жай бойынша жатақханада бөлме ұсынылмайды.

XIII. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАНДАЙ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ?

Бағдарламаны үлестіру үшін орындарында, 1 шілде 2011 ж. бері Бағдарламаның шараларына қатысуға мүддесін танытқан тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыратын, 204 жұмыспен қамту орталығы құрылды (бұдан әрі - орталық).

Орталықтың қызметінің заты болып, халықты жұмыспен қамтуға ықпалдасу шарасын қолдануы табылады.

Орталықтың қызметінің мақсаты болып, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, жұмыспен қамтуға әрекет етудің белсенді шараларын  үлестіру табылады.

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ:

  • Жағдайды бағалауды және халықты жұмыспен қамтуды дамыту болжамын, еңбек нарығы туралы халықты ақпараттандыруды жүзеге асырады;
  • Заңмен қарастырылған жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларын, және де бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын жұмыспен қамтудың қосымша шараларын жүзеге асырады;
  • Жұмысқа мұқтаж адамдар және жұмыссыздар ретінде жүгінген тұлғаларды тіркейді;
  • Жұмыссыз ретінде тіркеу тіралы анықтаманы береді;
  • Тізімі, жұмысты жоғалту жағдайында әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен бекітілген құжаттарды әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорының есебінен жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
  • әлеуметтік кәсіби бағыт бойынша қызметтерді көрсетеді;
  • жұмысқа мұқтаж тұлғаларға, және жұмыссыздарға лайықты жұмысты таңдауда ықпал етеді, жұмысқа орналасуға  жолдама  береді;
  • әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорымен өзара қатынасты жүзеге асырады;
  • жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
  • әлеуметтік шарттарды жасасады, оның орындалуының мониторингін жүзеге асырады;
  • еңбек делдалдығын көрсетеді;
  • жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларына қатысу мәселелері бойынша азаматтарға кеңестік қызметтерді ұсынады және ақпараттандырады;
  • жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларына әлеуетті қатысушылардың іріктелуін және үлестірілуін жүзеге асырады;
  • мониторинг жүргізеді және жергілікті еңбек нарығындағы мұқтаждықты анықтайды;
  • жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларына қатысуға жолдама береді;
  • жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары (вакантты лауазымдар) туралы есеп жүргізеді, және де мүгедектерді, анықтау қызметінің есебінде тұратын тұлғаларды, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды, жастар арасындағы азаматтарды, білім ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-аналарын жоғалтқандар немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін олардың қамқорынсыз қалғандарды жұмысқа орналастыру үшін квоталардың орындалуы туралы есеп жүргізеді.

Орталықпен оның қызметінің мақсатына және пәніне қайшы келмейтін мәмілелерді, қызметті орындауға жол берілмейді.

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ:

  • мәліметтер базасындағы вакантты жұмыс орындарына;
  • жұмыс берушілермен жеке жұмыспен қамту орталықтарына тапсырылған жұмыс орындарына;
  • жұмыспен қамтудың дербес агенттіктері арқылы;
  • еңбек жалақысын ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орынына;
  • жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына.

Орталық бағдарламаға қатысушыларды, аудандық жұмыс берушілердің тарапынан бұрын алынған сұраныстары бойынша вакантты орындарға бағдарлама қатысушыларын үлестіреді.  Жұмыс беруші жүздесуден кейін таңдалған үміткерді дереу жұмысқа қабылдай алады, немесе осы бағдарламаның шеңберінде жұмыс беруші өзінің болашақ жұмыскерін таңдалған айқындамаға сәйкестік үшін біліктілігін арттыру бойынша курстарға жіберуге құқылы.

XIV. ЖҚЖК  2020 БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУІ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Автоматтандырылған «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі құрылды.

Жүйені құру мақсаты Бағдарламаға қатысушылардың мәліметтердің орталықтандырылған базасын  құру болып табылады.

Жүйе Бағдарламамен ұсынылатын жаңа механизмдерге бейімделген, және  нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға мүмкін береді:

  • Мәліметтер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану;
  • Бағдарлама қатысушыларының қозғалысының құжаттарын және мониторингін қабылдау, тіркеу;
  • Бағдарлама қатысушыларына мемлекеттік қолдауды ұсыну;
  • Әлеуметтік-еңбек аясының бірыңғай ақпараттық жүйесінің құрамына кіретін (ӘЕАБАЖ) басқа жүйелермен ақпараттық өзара әрекеттестік;
  • Бағдарламаны үлестіру бойынша есептерді қалыптастыру.

Барлық жұмыспен қамту Орталықтарының «еңбек нарығы» АЖ рұқсаты бар.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жүгінуі кезінде, ЖҚО қызметкеріне оның ЖСН енгізу және тиісті ақпараттық жүйелеріне қажетті ақпаратты алу жеткілікті.

Бұдан әрі мемлекеттік қолдауға үміткерлерге мұқтаж бағалау, құжаттарды қабылдау және Бағдарлдамаға қатысуға үміткерлерді тіркеу жүргізіледі

XV. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КРИТЕРИЛЕРІ ҚАНДАЙ?

 

 

Жұмыспен қамту орталығының бағасы тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне бағытталған:

  • ЖҚЖК  2020 шарасымен қамтылған азаматтардың үлесі, оған қатысу мәселелері бойынша жүгінгендердің санынан.
  • ЖҚЖК  2020 шарасымен қамтылған әйелдердің үлесі,  оған қатысу мәселелері бойынша жүгінгендердің санынан.
  • ЖҚЖК  2020 шарасымен қамтылған 29 жасқа дейіңгі жастардың үлесі, оған қатысу мәселелері бойынша жүгінгендердің санынан.
  • Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, сонымен қоса жастар және әйелдер;
  • Қатысушыларды жұмысқа орналастыру, оларда ОПВ-ның болуы;
  • Кәсіби оқытудан кейін жұмысқа орналастыру, СРМ және МП жұмыстардан кейін;
  • Берілген шағын несиелердің саны;

Мақсатты (жоспарлы) көрсеткіштерге және индикаторларға қол жеткізу.