2016 жылғы 29 қыркүйекте Д .Серікбаев атындағы ШҚМТУ колонна залында «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында Өскемен қаласының үздік жұмыс берушісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және бүкіл ел бойынша өтетін Еңбек күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Конкурсты ұйымдастырушы – қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Марапаттау салтанатын Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкина ашты.

Конкурс екі номинацияда өтті: «Жұмыс орындарын сақтау және құру» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу».

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек жағдайларын және әлеуметтік кепілдерін жақсартуға, қалада әлеуметтік серіктестікті нығайтуға және дамытуға белсенді ықпал ететін, ірі, орта және шағын бизнестің өнеркәсіп, құрылыс, жылуэнергетикасы, байланыс, сауда, коммуналдық қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы 15 кәсіпорын берді.

Конкурс қорытындысы бойынша жұмыс тобының шешімімен марапаттауға «үздіктердің үздігі» болған, ірі, орта және шағын бизнестің 6 әлеуметтік жауапты және әлеуметтік бағытты жұмыс берушісі 2 номинацияда ұсынылды.

Конкурс жеңімпаздары:

«Жұмыс орындарын сақтау және құру» номинациясында ірі кәсіпорындар арасында «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, орта – «Фирма «НКГ» ЖШС, шағын – «Белиссима» ЖШС;

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» номинациясында ірі арасында – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, орта – «Өскемен тәртіп» ШЖҚ КМК, шағын – «АНТ» жеке кәсіпорны.

Конкурс жеңімпаздарына медальдар, қаланың әкімі Е.Қ. Аймұқашевтың мадақтамалары және сыйлықтар табысталды. Конкурстың қалған қатысушыларына қала әкімінің алғыс хаттары табысталды.