2016 жылғы 28 қыркүйекте қала әкімі аппаратының басшысы Ержан Айткенұлы Шурманов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серегй Александрович Денякин Қарттар күні қарсаңында № 4 қалалық аурухананың (№ 2 МСБ) қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне арналған бөлімшеде стационарлы қемделуде жатқан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Қала әкімі Ерлан Қапарұлы Аймұқашевтың атынан қарттарға сыйлықтар табыстады. Қарттармен әңгімелесті, олардың проблемаларына қызығушылық танытты, Жігерлендіріп, тезірек сауығуын тіледі. Өз кезегінде ардагерлер Өскемен қаласының әкіміне алғысын білдірді.

№ 4 қалалық аурухананың (№ 2 МСБ) терапевттік бөлімшесі Ұлы Отан соғсының қатысушылары мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген ададмар үшін 2012 жылы желтоқсанда құрылды, 10 палатан тұрады және 40 төсек-орынға есептелген.

Бүгінгі күнде ардагерлерге арналған бөлімшеде 39 адам бар: екі Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 32 – тыл еңбеккері және 5 – Семей полигонында ионды сәулелендіруден зардап шеккен адам – барлығына сыйлықтар – азық-түлік жинақтары табысталды.