1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы 1 қазан Халықаралық қарттар күні деп қаулы етті.

1 қазанда сағат 10.00-де Оқушылар шығармашылық сарайында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті (барлығы шамамен 200 адам қатысты).

Осы іс-шараға ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және кәсіпоырндармен байланысын үзген зейнеткерлер шақырылды. Осы күнде қала әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Сейітұлы Шерубаев, қалалық мәслихат хатшысы Алексанр Алексеевич Абакумов Халықаралық қарттар күнімен құттықтады және адал, мінсіз еңбегі, облыстық орталықтың дамуына лайықты үлесі, аймақтың әл-ауқатын жақсартқаны үшін үлкендерге орасан зор алғыс сөздерін білдірді, мықты денсаулық, бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Музыкалық құттықтаулармен қаланың үздік дауыстары ән айтты – О. Вуккерт, Р. Карибаева, И. Мещаряков, Г. Канафин, «Еркетай» ансамблі көрермендерге «Ақ-қу» биін көрсетті.

Қала қоғамдығының белсенділерін алғыс хаттармен атап өтті, барлық ардагер-лерге азық-түлік жинақтары табысталды.

Сондай-ақ «Алтын-Ай», «Азина», «Белиссимо» қоғамдық бірлестіктерімен өз өндірісі өнімдерінің көрме-саудасы ұйымдастырылды.