2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте қаланың жұмыспен қамту қызметіне лайықты жұ-мыс іздеуге ықпал ету үшін 7237 адам өтініш жасады.

       2016 жылғы 1 қазан жағдай бойынша жұмыссыздар саны 1959 адамды құрайды. Жұмыссыз әйелдер құрамында 67,0 % құрайды, 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастар – 26,4 %.

       Жұмыспен қамту қызметіне түскен кәсіпорындардың ақпараты бойынша       2016 жылғы 1 қаңтардан 1 қазан аралығында жұмыстан босатуға болжамды санынан 107 адам шығарылды.

       Толық емес жұмыс уақытында 705 адам, 206 – өндірістің тоқтам қалуына байланысты уақытша жұмыс істемейді, 72 – жұмыс берушінің ықыласы бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста.

       2016 жылғы қаңтардан  қыркүйекке дейін жұмыспен қамту қызметінің ықпал етуі-мен 4492 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 267, Жастар іс-тәжірибесіне – 284 түлек.

       Қоғамдық жұмыстарға 1074 адам орналасты, оқөытуға 424 адам жолданды.

       2016 жылдың тоғыз айында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау белсенді шараларымен 6016 адам қамтылды.

       Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде шағын және орта бизнес саласында 4506 жаңа жұмыс орны құрылды.