2016 жылғы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық табии-ландшафтты музе-қорығының аумағында Мүгедектер күніне арналған «Алтын сандық» іс-шарасы өтті. Іс-шараға қатысушылар «Үлбі» орталығында және «Алтын Ай» қоғамдық бірлестікте арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын жүзден астам ерекше балалар, 18 жастан асқан ұлдар мен қыздар болды.

Мерекелік іс-шара саябақ бойынша паравозиктармен экскурсиядан басталып, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық қалалық орталығымен, «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігімен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру Шығыс Қазақста облыстық орталығымен ұйымдастырылған анимациялық алаңдарда жалғасуда. Мұнда «Золушка» орталығының аниматорлары мульткейіпкерлер костюмдарында қонақтардың көңілін көтерді, «Армандар орындалады!» үстелінде әр ниет білдіргендер тілектерінің орындалуы үшін осындай ашық күнде әуе шарларымен жіберуге арналған тұтқиыл шығарылған күзгі жапырақтарға тілектерін жазды. Спорт алаңында шағын жарыстар өтті, «Оригами» үстелінде қағаз құстар тірідей көрінді, әуе шарлары гүлдерге, иттерге, қояндарға, аюларға айналды.

Одан әрі іс-шараға қатысушылар саябақтың орталық сахна алдында мерекелік концерт көруге жиналды. Іс-шараға қатысушыларға Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова Қазақстанда Мүгедектер күні Мемлекет басшысының Жарғысымен қазан айының екінші жексенбісінде өтеді, осы жылы мерейтойлық жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында өткізіледі.

Мерекелік бағдарлама «Алтын-Ай» ҚБ және «Үлбі» орталығында қызмет көрсетілетін мүгедек балалардың, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, «Экспрессия» би ансамблі әртістерінің өнерімен жалғасты, Өскемен қаласының «Сбербанк» АҚ өкілдері қатысушыларға сыйлықтарын табыстады..

Мерекелік іс-шараның соңында «Күз» патшасының көмегімен ең ардақты тілектердің орындалуы үшін шарлар аспанға жіберілді.

Бүгінде Өскеменде 11011 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, олардан балалар 903 адам, 1 топ мүгедегі – 798 адам.