Жылы құттықтау сөздері, еңбегі үшін алғыс, гүлдер мен сыйлықтар – осының бәрі мерейгерге арналған. Көп жасаған адамдардың бірі туған күнінде қаланың әкімінен құттықтау алды – 2016 жылы 7 қазанда өзінің жүзжылдық мерейтойын Пелагея Степановна Васильева атап өтті.

Мерейгердің үйіне 100 жылдық мерейтойына құттықтау сөздерімен және сыйлықтармен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубекова, Өскемен қаласы әкімдігінің істер басқармасы № 3 филиалы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы И.А. Любимов, филиалдың аға маманы Г.В. Ефремов, ПИК төрағасы Н.В. Макоедова келді.

Пелагея Степановна мереке сәттерімен бірге бөліскендерге қуанышты болды, қиын балалық пен жастық шақтарын, адал және жанкешті еңбек жылдарын еске алды.

Сізге мықты денсаулық, рухани сергектік, махаббат және жақындарыңыздың қамқорлығын, қуат, нық сенім, өмірге құлшыныс, жақсылық пен береке тілеумен ең ізгі, адал және ақ пейілді құттықтаулар!