Өткізілу мерзімі: 2016 жылғы 14 қазан

Өткізілу уақыты: сағат 10.00-12.00

Өткізу орны: Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла-малар бөлімі, Тургенев к., 30

    2016 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға және аз қамтылған азаматтарға арналған мамандырылған шағын бос жұмыс орындары жәр-меңкесі осы санатты адамдарды жұмысқа орналасты-руға ықпал ету, жұмыспен қам-туға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау мақсатында өткізілді.

    Шағын бос жұмыс орындарын жәрмеңкесіне 3 кәсіпорын: «Ukt-group» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС, «Жаст» ЖК қатысты, олармен келесі кәсіптер бойынша бос орындар ұсынылды: 2 – дәнекерлеуші, 4 – әр түрлі жұмыс істейтін адам, 2 – сле-сарь сантехник, 20 адам – тұрғын үй нысаны құрылысына қосалқы жұмысшы. Одан басқа, осы іс-шараға «Антарес-А» ҚҚ әлеуметтік жұмысшылары қатысты, олармен барлық өтініш жасаған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді.

    Жұмыс беруішлер өз кәсіпорындарын таныстырды, жұмыс іздеушілермен әң-гімелесу өткізілді, жұмысқа қабылдау шарттары туралы айтып берді, дербес дерек-терін жазып алды.

     Іс-шара бойы жәрмеңкеде консультациялық орталық жұмыс істеді, онда ша-ғын жәрмеңкеге қатысушылар жұмыспен қамту қызметінің дерекқорындағы бар бос жұмыс орындарына орналастыру, қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарлама-ға қатысу, атаулы және тұрғын үй көмегін тағайындау және «Өрлеу» жобасына қа-тысу мәселелері бойынша қажетті ақпаратты алды.

           Жұмыс іздеумен шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 15 адам келді, со-ның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адам, тұрақты жұмысқа орнала-суға 17 жолдама берілді, 1 адам ұсынылған бос орыннан бас тартты.