27 қазанда Металлургтер мәдениет сарайында жыл сайын қазан айының соңғы жексенбі күнінде атап өтілетін, ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында әлеуметтік қорғаудың үздік қызметкерлері, ардагерлер, сондай-ақ демеушілер мен партнерлер алғыс хаттармен және мадақтамалармен марапатталды.

Іс-шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Васильевна Старенкова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С. Шерубаев, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екібасова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова, әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты (шамамен 400 адам).

Кәсіби мейрамымен құттықтай отырып, Ольга Булавкина халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерінің аянбай қызмет ету арқасында мыңдаған адамдар қамқорлық мен күтім алатынын атап өтті.

«Бұл жұмысы азаматтарды қолдаумен және көмек көрсетумен тығыз байланысты адамдардың мейрамы,

Әлеуметтік жұмысшылардың қолдауы арқасында өмірлік қиын жағдай туындаған адамдарға өмірдің қиыншылықтарынан төзіп шығады

Бүгінде Өскемен қаласы бойынша азамататрды әлеуметтік қорғау жүйесінде 300-ден астам қызметкер еңбек етуде. Олар аз қамтылған және әлсіз қорғалған адамдарды қорғауға бірінші келетіндер қатарында.

Қазіргі өмірдегі Сіздің еңбектеріңіз өте маңызды және қажетті. Көп жылдар бойы күннен-күнге сіздер атқаратын игілікті миссия шексіз құрметке ие. Әлеуметтік жұмысшы – бұл жай кәсіп қана емес, бұл құштар, ақ көңілді және мейірбанды лайықты адамдардың борышы» - деді Ольга Булавкина.

Салтанатты іс-шара аясында қаланың әкімі, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары атынан алғыс хаттармен әлеуметтік қорғаудың үздік қызметкерлері, қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің демеушілері және партнерлері марапатталды.

Салтанатты іс-шара облыстық драма театры әртістерінің, музыка мектебі оқушыларының, «Акцент» балалар вокалды тобының, «Непоседы» би ұжымының, қалалық эстрада әртістері Мурат Жуанышпаевтың, Анжелика Щербатыхтың (скрипка), Гульмира Канафинаның қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.