Өскемен қаласында мерейтойлық туған күндеріне байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қала әкімінің атынан құттықтаулар жалғасуда.

Мерейгер ардагер Владимир Афанасьевич Пронинді 90 жылдығымен құттықтау 2016 жылы 17 қазанда болды. Владимир Афанасьевич 1926 жылы                  17 қазанда Красноярск өлкесінің Антроповка ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін оқыды, одан кейін Семлесхозда жұмысшы болып істеді.

1943 жылы 22 қазанда Өскемен қаласынан Кеңес әскерінің қатарына шақырылды.

Соғыс жылдары Украинаны, Прибалтиканы, Чехословакияны босату бойынша 48-ші жойғыш танкке қарсы артиллериялық бригада құрамында қатысты.

9 мамырды Берлинде қарсы алды.

Владимир Афанасьевич екі ұлын тәрбиеледі, екі немересі бар.

Марапаттары: 1 дәрежелі Отан соғысы ордені, «За победу над Германией», «За боевые заслуги», «За отвагу» медальдары және мерейтойлық медальдар.

Владимир Афанасьевичті ең жақсы тілектерімен, сыйлықтарымен және гүлдермен Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубекова, қала әкімдігінің Істер басқармасының № 7 филиалының директоры В.И. Родчев, № 7 ӨӨБК ардагерлер алғашқы ұйымының төрағасы А.О. Комарова, БАҚ тілшілері құттықтады.

 

Мерейгер ардагер Анна Максимовна Заикинаны 95 жылдық мерейтойымен құттықтау 2016 жылы 18 қазанда болды. Анна Максимовна 1921 жылы 18 қазанда Орал қаласында дүниеге келді.

Соғысқа дейін Магнитогорск фелдьшер-акушер мектебінде оқыды, одан кейін акушер болып істеді.

1941 жылы 26 тамызда Кеңес әскерінің қатарына шақырылды, 3-ші Украина фронтында акушер болып қызмет етті, 1944 жылы хирургиялық бөлімше бойынша ағалық болып, 1946 жылға дейін жұмыс істеді. Соғысты Австрияда аяқтады (Венаға дейін 40 км).

Соғыстан кейін Оралға қайтып келді, акушер болып істеді. Одан кейін Латвияда, Киргизияда тұрды, 1957 жылдан бастап Өскемен қаласында тұрады, медқызметкер болып істеді. Зейнетке 1975 жылы № 22 медбөлімшеден шықты.

2 баласын тәрбиеледі, 6 немересі, 1 шөбересі бар.

МАРАПАТТАРЫ: 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, «за Победу над Германией», Денсаулық сақтау үздігі медальдары, мерейтойлық медальдар.

Ардагерге құттықтаулармен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Қ.О. Бердығожинов, қала әкімдігінің Істер басқармасының № 8 филиалының бас маманы Э.Е.Қадырова және ардагерлер алғашқы кеңесі төрағасының орынбасары келді.

 

Мерейгер ардагер Алексей Александрович Еремеевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтау 2016 жылы 18 қазанда болды. Алексей Александрович 1926 жылы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарханка ауылында дүниеге келді. 1936 жылдан Өскемен қаласында тұрады. 1940 жылдан 1942 жылға дейін қолөнерлік училищесінде оқыды, одан кейін Красин атындағы Маслоэкстракционды зауытында электрик болып істеді.

1943 жылы қарашада Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Алма-Ата қаласының 63-ші қордағы артполкта қызмет етті, одан кейін Чирчик қаласында. Прибалтикалық фронтта соғысты. Елгава, Рига қалаларын босатуға қатысты. Лиепая қаласында жеңісті қарсы алды.

1950 жылы әскер қызметінен қайтты. Өскемен қаласының құрылыс ұйымдарында жұмысістеді. Соңғы жұмыс орны «Казпромтехмонтаж» Үлбі СМУ, онда сметалық-шарт бөлімінің бастығы лауазымында 15 жыл істеді.

3 баласын тәрбиеледі, 6 немересі, 6 шөбересі бар.

МАРАПАТТАР: 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, за Победу над Германией, за Отвагу, Еңбек ардагері медальдары, мерейтойлық медальдар.

Қала әкімінің атынан Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубекова, қала әкімдігінің Істер басқармасының № 3 филиалының директорының орынбасары Г.В.Ефремова, № 3 ӨӨБК ардагерлер алғашқы ұйымының төрағасы И.А. Любимов, БАҚ тілшілері құттықтады.

 

Барлық ардагерлерге гүлдер, азық-түлік жинақтары табысталды, алғыс сөздер мен жылы лебізді тілектер айтылды.

Сіздерге және фашизмге қарсы күресте қаза тапқандарға бас иеміз. Біздің бақытты өміріміз бен еліміздің азат болашағы үшін Сіздерге рақмет.

Сіздердің ЖЕҢІСКЕ қандай бағамен жеткеніңізді Біз ешқашан ұмытпаймыз.

Ардақты ардагерлер, мейрамдарыңызбен!

Сіздерге рақмет, ұрпақтарыңыз алғыспен бас иеді!