Істің қандай да түрінде тиімді жұмыс үшін өз саласының әріптестерімен тәжірибемен алмасу өте маңызды.

2016 жылғы 28 қазанда Өскемен қаласында тәжірибемен алмасу үшін аймақаралық ынтымақтастық аясында Семей қаласынан біздің қалаға келген делегация болды. Делегацияны Семей қаласының әкімі Ермак Салимов басқарды.

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен келген басшы Азамат Амангелдіұлы Құрманғалиев және бөлімнің заңгері Ерлан Жұмажанұлы Әубәкіров құрамындағы әріптестер жұмыс тәжірибесімен алмасу іс-шаралары аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық орталығына барды. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы», «Өрлеу» бағдарламаларын іске асыру аясында Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен және мүгедектерді оңалту бойынша жүргізілетін жұмыспен танысты.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болу барысында қонақтар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысын меңгеруге, «Үлбі» орталығында – бөлімшенің жұмысын үйренуге, мекемеде іске асырылатын ең жарқын жобалармен танысуға, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер алушылармен әңгімелесуге мүмкіндік алды.

«Үлбі» орталығының дағдарыс бөлімшесінің әдістемелік кабинетінде дөңгелек үстелде әңгімелесу қонақтардың мекемеде болуының жалғасы болып табылады. Онда директоры Сәния Мағауқызы Әубәкірова мен орталықтың дағдарыс бөлімшесінің меңгерушісі қонақтарды дағдарыс бөлімшесінің жұмысы туралы толығырақ ақпараттандырды. Кездесу іскери, достық жағдайда өтті.

Кездесуге қатысушылар сөз сөйлеген кезде тәжірибемен алмасу аясында осындай кездесулер өткізу тиімділігін және мекемелер арасында тығыз байланыс орнату қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылыққызы Кусаинова әріптестерін жыл сайын қазан айының соңғы жексенбі күнінде атап өтілетін «Әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысшылары күні» келе жатқан кәсіби мейрамымен құттықтады.