2016 жылғы 5 қарашада облыс орталығына «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдері келді, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында тұрғындармен кездесулер жүргізіп, сонымен қоса ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік саласында кеңестер беріп, заңгерлік қызметтер, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсетті.

«Жол картасы-2020» бағдарламасы және еңбекті қорғау, жәрдемақы мен зейнетақы төлеу бойынша қабылдау қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тургенева к-сі, 30 ғимаратында жүргізілді.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес 50-ден астам адам түсіндірмелік сипатында кеңестер алды, оның ішінде зейнетақы заңнамасы мәселелері жөнінде 24, оралмандар, этникалық және ішкі көші-қон мәселелері жөнінде 7, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысу мәселелері жөнінде 16, «Өрлеу» жобасына қатысу, атаулы көмек, еңбек заңнамасы мәселеслері жөнінде 8.

Қабылдауды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министірлігінің Әлеуметтік көмек және миграция, Еңбек комитетінің сарапшысы Амина Каирбековна Аюпова және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министірлігінің әлеуметтік көмек және миграция, Еңбек комитетінің бас сарапшысы Алия Ерденовна Туранова жүргізді.

Сонымен қатар, тұрғындарды қабылдау «жергілікті мамандармен»: ШҚО-ы бойынша әлеуметтік көмек және миграция, Еңбек комитеті департамаменті басшысының орынбасары М.В. Шароновамен, осы Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанна Болатовна Самуратовамен, ШҚО-ы мемлекеттік еңбек инспекциясы әлеуметтік саласын басқарудағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Габит Кумаргалиевич Аманжоловпен, ШҚО-ы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірудің әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Райхан Курманбековна Барлыковамен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен жүргізілді.

Бұл ауқымды республикалық акцияны Қазақстан Республикасы халықтары Ассамблеясы үйымдастырды. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерін көрсету, халықтың бірлігін нығайту, елді дамуының негізгі басымдылықтары аясында қоғамды нығайту.Акцияның аяқталуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында жоспарланды.