Мемлекеттік көмек Өскемен қаласының ауылдық жерлерінде тұратын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына көрсетіледі.

Құжаттар 2016 жылғы қараша – желтоқсан айлары бойында қабылданады, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» бейкоммерциялық акционерлік қоғамына мына мекенжайлар бойынша: Белинский к-сі, 37/а; Қазақстан к-сі, 99/1; Сәтпаев даңғылы, 20/1, хабарласып келесі құжаттарды тапсырады.

- Өтініш;

-Жеке басын куәландыратын құжат;

-Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

-Жұмыс орнынан анықтама;

-«КАЗПОЧТА» АҚ-да дербес шоты барын растайтын құжат;

Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 10/6- VI шешіміне сәйкес отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру 15000 (он бес мың) теңгені құрайды.