Өткізу күні: 2016 жылғы 15 қараша

Өткізу уақыты: сағат 15.00                                            

Өткізу орны: Леваневский к., 21, ШҚО ҚАЖ Департаментінің пробация қызметі

2016 жылғы 15 қарашада Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ШҚО ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің негізінде қала прокуратурасы және «Антарес-А» ҚҚ өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.

Жұмыс іздеумен шағын бос орындар жәрмеңкесіне 18 адам келді. Өтініш жасаған жұмыссыз азаматтармен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бұдан әрі жұмыс үшін қажетті шаралар ұсыну мақсатында сауалнама жүргізілді, қаланың жұмыс берушілерімен ұсынылған жұмыспен қамту қызметінің дерекқорындағы бос орындарға жолдамалар берілді.

Осы өткізілген іс-шара  нәтижесінде жолдамалар берілді:

- тұрақты жұмысқа орналасу үшін – 10 адам;

- «Антарес-А» ҚҚ арқылы «В» санатты жүргізуші» және «электргаздәнекерлеуші» мамандықтары бойынша оқу курстарына – 4 адам;

- ұсынылған бос орындардан бас тартты – 4 адам (денсаулық жағдайы бойынша – 2, өз бетімен жұмыспен қамтылған – 2).