Өткізу күні: 2016 жылғы 22 қараша

Өткізу уақыты: сағат 11.00                                             

Өткізу орны: Стахановская к., 2, Өскемен қаласының ІІБ Үлбі полиция бөлімі

2016 жылғы 22 қарашада Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Өскемен қаласының ІІБ Үлбі полиция бөлімінің негізінде қала прокуратурасы және «Антарес-А» ҚҚ өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.

Жұмыс іздеумен шағын бос орындар жәрмеңкесіне 11 адам келді, оларға қаланың жұмыс берушілерімен ұсынылған жұмыспен қамту қызметінің дерекқорындағы бос орындарға жолдамалар берілді.

Осы өткізілген іс-шара  нәтижесінде жолдамалар берілді:

- тұрақты жұмысқа орналасу үшін – 6 адам;

- «Антарес-А» ҚҚ әлеуметтік көмек алуға – 2 адам;

- ұсынылған бос орындардан бас тартты – 3 адам (денсаулық жағдайы бойынша – 2, өз бетімен жұмыспен қамтылған – 1).