Өскемен қаласының әкімдігі «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 1665 «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсы туралы қаулысының негізінде Өскемен қаласының әкімдігімен өткізіледі.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдардың тіршілігі мен проблемаларына назарын аударту, қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрақты төзімді қатынасын қалыптастыру, азаматтардың аз ұтқырлы санаты үшін қалалық, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарын кешенді бейімдету бойынша ұйымның қосымша ынталылығын құру, азаматтардың аз ұтқырлы санаты үшін тіршілігінің кедергісіз ортасын құру және нысандардың қолжетімділігі проблемасына қоғамдық назарын аударту.

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары: 2016 жылғы 1 қыркүйектен 30 қара-шаға дейін Тургенев көшесі, 30, 102 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін конкурстық комиссиямен өткізіледі, конкурсқа қатысу құқығына қаланың аумағында өз қызметін іске асыратын, қызметі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жеке кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер ие.

Конкурс «кедергісіз орта нысаны» немесе «кедергісіз орта аумағы» атағы иеленумен өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсыну тәртібі

Конкурсқа қатысуға өтінімдер («Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсын өткізу туралы ережесінің 5-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес) 2016 жылғы 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін Тургенев көшесі, 30, 102 кабинет мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін конкурстық комиссиямен қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталған ресми күніне кейін түскен құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.

Конкурсты қорытындылау «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны»конкурсы туралы ережеде бекітілген критерийлер бойынша мамандар қатарынан арнайы құрылған жұмыс тобы 2016 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпаздары 1 орын Дипломмен, 2-3 орын Мадақтамалармен, қалған қатысушыларды Алғыс хаттармен марапаттау ұйымдастырылады. Конкурс қорытындылары туралы ақпарат БАҚ-да және қала әкімінің ресми сайтында жарияланады.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсы туралы қаулысы, конкурс өткізу бойынша жұмыс тобының құрамы және (қаулыға қосымшаға сәйкес) және Конкурс туралы ереже қала әкімінің ресми сайтында жарияланды

Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсы туралы қсоымша ақпаратты Тургенев к., 30, тел. 8(7232) 524596, 211412, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де алуға болады.

«Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсын өткізу туралы ереженіжүктеу