2016 жылғы 2 желтоқсанда Өскемен қаласының оқушылар шығармашылық сарайында жұлдызды күндердің бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Отбасы құндылықтары» өтті.

Әр отбасының тарихы – бұл қазақстандық өмірдің үлкен энциклопедиясы және мейрамда ең лайықты және құрметті азаматтарды құттықтады. Осыған байланысты осы іс-шараға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған және Тәуелсіз Қазақстанның демографилық дамуына үлес қосқан 25 көп балалы аналар шақырылды. Отбасы – мемлекеттің фундаменті және отбасыны қорғау, аналық – біздің еліміздің әлеуметтік саясатының басты басымдылығы.

Қала әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкина біздің еліміздің басты саяси мейрамы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ққұттықтады: «Отбасы бұл ұлтжандықтың көзі және ата-аналар, балалар мен немерелер бақыт жолы арқылы Отанның өркендеуі туралы мәңгілік қамқорлығы.

Сіздердің ошақтарыңызда бір біріне құрмет, өзара түсіністік және қолдау үстем болсын. ӘР күн сайын қымбатты адамдарыңызға жылы сөздері сыйлаңыз! Бақытты отбасы көп болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы мықты болады!»

Сондай-ақ құттықтаулармен Жергілікті өзін-өіз басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы сөз сөйледі.

Көп балалы аналар үшін концерттік бағдарламамен облыстық филармонияның әртістері мен Өскемен қаласының балалар хореографиялық ұжымы шықты.

Шақырылғандар алдында көп балалы ана Нагима Сатыбалдина сөз сөйледі, 10 баланың анасы, «Алтын алқа» алқасымен марапатталды, тыл еңбеккері, еңбек ардагері, «Жүректегі жазулар» кітабының авторы.

Іс-шара бірге фотоға түсумен аяқталды.