Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «25 жұлдызды күн» акциясын өткізу аясында 2016 жылғы 2 желтоқсанда Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» КММ-де «Ашық есік күні және дағдарыс орталықтарында кездесулер өткізу» іс-шарасы өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты өмірлік қиын жағдай туындаған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдармен ведомствоаралық өзара әрекеттесу.

Іс-шараға қатысушылар бұл білім беру бөлімінің өкілдері (мектептердің психологтары, Отбасы мен балалықты қолдау орталығы); Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарының мамандары; жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері; ҮЕҰ басшылары (Феникс, Бірге, Ана үйі); «Үлбі» орталығының қызметкерлері.