Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 12/2-VI шешіміне сәйкес 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің 25 жылдығына – 41 000 (қырық бір мың) теңгеден аспайтын мөлшерде зейнетақы төлемін алушыларға 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 10600 зейнеткерге зейнеткерлік ісінде көрсетілген алушылардың мекенжайларын бойынша «ҚАЗПОШТА» АҚ бөлімшелері арқылы 7 000 (жеті мың) теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем жоспарлануда.

Төлем құжаттарды сұратусыз, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы «Ведомствоаралық есептік әлеуметтік төлемдер орталығы» департаментімен ұсынылған тізімдер негізінде Өскемен қалалық мәслихатының шешімі қолданысқа енгізілгеннен кейін, яғни 2016 жылдың 20 желтоқсанынан кейін жүргізіледі.

Анықтама телефоны 551413.