Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұл-дызды күн» акциясын өткізу аясында 2016 жылғы 9 желтоқсанда «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық орталығында кемтар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектердің қатысуымен «Бақытты елдің ұрпағымын» мерекелік концерті өтті.

«Үлбі» орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын балалар Шығыс Қазақстан менеджмент және технология колледжінің студенттерімен бірлесіп музыкалық нөмірлер көрсетті және ата-аналар, балалар мен зейнектерлер алдында өздерінің шексіз шығармашылық мүмкіндіктерін растады.

Ортақ назарға үйде қызмет көрсетілетін мүгедек балалардың суреттері мен ұсақ-түйек өнер көрмелері ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылығы арқылы патриотизм, Отанға сүйіспеншілік қалыптастыру болып табылады.