Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2016 жылғы 17 желтоқсанда Николай Иванович Старченко құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердығожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 8 филиалының өкілдері барды.

Николай Иванович Старченко 1921 жылы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Өскемен қаласына көшін келді. Қазіргі уақытта Карбышев көшесі, 44-187 бойынша тұрады.  

1941 жылы 1 мамырда Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды, қызметін Польшаның батыс шекарасында Перемысло қаласында бастады. Соғыстың алғашқы күндерінен танк бөлімдерінде қызмет етті, 15-ші танк дивизиясының құрамында Оңтүстік-Батыс фронттағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылы қаңтарда Ленинград қаласын қоршаудан шығару ұрыстарына қатысты. Жеңісті Горький қаласында қарсы алды.

1946 жылы Зайсан қаласына қайтып келді, онда Райисполкомда экономист болып, одан кейін Райбыткомбинат директоры болып істеді, онда 20 жыл істеп, ол жерден лайықты демалысқа шықты.

3 баласын тәрбиеледі, 6 немересі, 6 шөбересі бар.

МАРАПАТТАР: «Отечественной войны 2 степени» ордені, «Красной звезды» ордені «За Победу над Германией», «За боевые заслуги», «За Победу над Японией», «За Оборону Ленинграда» үшін медальдар, мерейтойлық медальдар.