2016 жылғы 23 желтоқсанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ғимаратында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Александровна Булавкинаның қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Өскемен қаласының әкімдігімен ағымдағы жылдың тамызында «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсы жарияланды және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында конкурс қорытындыланды. 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: қоғамдықтың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың тіршілігіне және проблемаларына аударуына тарту; қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрақты толерантты қатынасын қалыптастыру; азаматтардың аз ұтқырлы санаттары үшін қалалық, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарын кешенді бейімдеу бойынша ұйымдастыруда қосымша стимулдар құру; қоғамдық назарын азаматтардың аз ұтқырлы санаттары үшін тіршіліктің кедергісіз ортасын құру және нысандардың қолжетімділігі проблемасына аударту.

Конкурс «кедергісіз орта нысаны» немесе «кедергісіз орта аумағы» атағын берумен өткізілді.

12 нысан қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша Дипломдармен марапатталды:

«Кедергісіз орта» номинациясында:

1. Мәдениет саласында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасы

2. Денсаулық сақтау саласында ШҚО әкімдігінің ДСБ «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК (Потанин к., 8)

3. Білім саласында Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 115 орта мектебі» КММ

4. Әлеуметтік қорғау саласында Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету Өскемен қалалық орталығы» КММ

«Кедергісіз орта аумағы» номинациясында

Дене шынықтыру және спорт саласында Жекпе-жек бойынша ОР ШҚО МБЖМ КММ

«Кедергісіз орта» атағымен 1 орын мадақтама

1. Денсаулық сақтау саласында «Клиника» медициналық орталығы» мекемесі

2. Білім саласында Шығыс Қазақстан обылстық әкімдігінің білім басқармасының «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК 

«Кедергісіз орта аумағы» 1 орын мадақтама

Дене шынықтыру және спорт саласында Спорттың су түрлері бойынша ОР ШҚО МБЖМ КММ

«Кедергісіз орта» атағымен 2 орын мадақтама

1. Денсаулық сақтау саласында ШҚО әкімдігінің ДСБ «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК (Өтепов к., 37)

2. Білім саласында Өскемен қаласы әкімдігінің «Балапан» № 1 балабақша-ясли» КМҚК

«Кедергісіз орта» атағымен 3 орын мадақтама

Денсаулық сақтау саласында Трофимов Николай Федорович ЖК, 2 дәріхана.

Конкурстың барлық қатысушыларына диплом-планкеткалар, мадақтамалар және гүлдер табысталды.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А: Булавкина, Нұр Отан партиясының қалалық филиалының бірінші төрағасының орынбасары М.Ш. Екібасов, облыстық қоғамдық кеңесінің жұмыс сараптамалық тобының төрағасы О.Г. Кузовлева құттықтау сөздерін айтып, марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурсқа қатысу туралы өздерінің әсерлерімен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан кітапханасының басшысы К.М. Ақжігітова, Өскемен қаласы әкімдігінің «Балапан» № 1 балабақша-ясли» КМҚК директоры М.М. Қаниева бөлісті.

Конкурсқа қатысушылар үшін музыкалық құттықтауларын ерекше балалар Азамат Сайлаубаев «Жаңа қазақ, «Ассалам алейкум» әндерін, Айзар Айдос «Анашым» нәзік әнін сыйға тартты. Іс-шараға Аяз ата да балалардың әндерін естіп, келуге асықты және де сыйлықтар беріп, барлығына бақытты жаңа жыл тіледі!

Сондай-ақ өздерінің өнерлерімен салтанатты күнді қалалық мәдениет бөлімінің әртістері көрсетті.