Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2016 жылғы 28 желтоқсанда Виктор Сергеевич Меньшиков құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі С.Д. Әүбәкіров ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 3 филиалының өкілдері барды.

Виктор Сергеевич Меньшиков 1926 жылы 28 желтоқсанда Воронеж облысының Анна ауылында дүниеге келді.

1944 жылы ақпанда 17 жасында өз еркімен фронтқа кетті. Сапер бөлімдерінде соғысты, Беларусия, Польшаны босатуға қатысты, Берлинді алуға қатысты. Соғыстан кейін 5 жыл Потсдамға қатысты, 2 жыл Киев әскери округінде қызмет етті.

1951 жылы әскери қызметтен шықты. Кейін Алтай аймағының Колыван кен шығаратын жерінде жабдықты жөндеу слесарі болып істеді. 1963 жылы Мәскеу заңгерлік институтының Барнаул филиалын бітірді. Өскеменде 1960 жылдан бастап тұрады. Қалалық, кейін облыстық прокуратурада істеді. 1971 жылдан зейнетке шыққанға дейін облыстық сотта істеді. СМССР Әділет министрлігінің «За успехи в работе» белгісімен және мадақтамасымен марапатталды.

2 ұлын тәрбиеледі, 3 немересі, 3 шөбересі бар.

МАРАПАТТАР: «Отечественной войны 2 степени» ордені, «за Взятие Берлина», «за Взятие Варшавы» медальдары, мерейтойлық медальдар.