Людмила Геогардовна Красиева 1991 жылдан бастап Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істейді,экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу секторын басқарады.  

Әлеуметтік қорғау жүйесінже жұмыс істеген жылдары Л.Г. Красиева үлкен жұмыс тәжірибесін жинақтады, өзін сауатты және салмақты шешімдер қабылдай алатын кәсіп ретінде ұсынды. Оны біздің мекеменің алдына қойылған, әлеуметтік бағдарламалар бойынша қойған мақсаттарына жетуге табандылығы ерекшелендіреді.

Людмила Геогардовна көп жылдар бойы жас мамандардың тәлімгері болып келеді. Бүгінгі күнде жұмыспен қамту бөлімінде оның оқушылары болып табылатын бірнеше мамандар жұмыс істейді.

Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы қажымас және адал еңбегін, жоғары жауапкершілігін жоғары бағалайды және Людмила Геогардовнаның алдына қойылған міндеттерді лайықты орындауына, стратегиялық мақсаттарына ілесуіне, біздің қызметіміздің қаржылық, саяси және экономикалық басымдылығын түсінуіне, қарауындағы бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға нәтижелері мен бастамаға құрмет білдіреді.

Уақтылы түзетулер, ақылды кеңестер, көмек және сауатты амалдар үшін Сізге алғыс білдіреміз!

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы туған күніңізбен және зейнеткерлік жасына толуымен құттықтайды! Сізге жетістіктер, бақыт, береке, Сізге және туыстарыңызға денсаулық тілейміз!