20 қаңтарда Туған күнінде Социалисттік Еңбек қаһарманы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Хайрулла Бахтыбаевты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубекова, Соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесі төрағасының орынбасары С.А. Ақанов, қаал әкімдігінің істер басқармасы № 8 филиалының ардагерлер тұңғыш ұйымының төрағасы Р.В. Катрук құттықтады.

«Социалисттік Еңбек қаһарманы» атағы – шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс саласында еңбектері үшін белгі жоғары дәрежесі. Бұл атақ еңбек батырлығын көрсеткен, өндіріс тиімділігінің артуына үлесін қосқан, халық шаруашылығының, ғылымның, мәдениеттің көтерілуіне, елдің даңқы мен билігін өсіруге әсерін тигізген адамдарға беріледі.

Түсті металлургияны дамытуда жеткен жетістіктері үшін Хайрулла Бахтыбаев КСРО Жоғары Кеңес президиумының 1971 жылғы 30 наурыздағы жарғысымен Ленин орденін және «Серп и Молот» алтын медалін табыстаумен Социалисттік Еңбек қаһарманы атағы берілді.

Соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық кеңесінің атынан Сағымбек Ақанұлы Отанға деген қажырлы қызметі және еңбек ерлігі үшін қаһарманға алғыс білдірді, мықты денсаулықғ бақыт, қуаныш пен бейбітке және жақсылыққа толы ұзақ жылдар тіледі.

Жылы сөздермен Социалисттік Еңбек қаһарманын қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Кәмшат Сейсенғазықызы құттықтады. Бүгін ол жас ұрпақ үшін лайықты үлгі болып келетінін, еңбек кәсібінің беделін көтеретінін атап өтті.

Бахтыбаев Хайрулла 1925 жылы 20 қаңтарда Тарбағатай ауданының Покровка ауылында дүниеге келді, 1942 жылы әскерге шақырылып, Ташкент қаалсына кіші командирлерді дайындау бойынша пехота училищесіне жолданды.

1943 жылы оқудан кейін 187-ші пехота дивизиясының құрамында Киев, Житомир, Кменецк-Подольский қалаларын босату үшін ұрыстарға, Львов қаласына 1-ші Украина фронтының құрамына жолдауға қатысты. 3-ші Украина фронтына гвардия минометтік бригада құрамында Румыния, Венгрия, Австрия басқыншыларды босатуға қатысты.

1947 жылы әскерден босатылып, Одесса қаласына металлургия зауытына жіберілді.

1950 жылы Өскемен қаласының қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа қабылданды, онда 1975 жылы зейнетке шыққанға дейін істеді.

Красная звезда, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, КСРО Жоғары Басқолбасшыдан 8 жазбаша алғысы бар. Бейбіт уақытындағы еңбек қызметі үшін Ленин және Алтын жұлдыз,  Социалисттік Еңбек қаһарманы ордендерімен, еңбек Қызыл Даңқ орденімен және Құрмет орденімен марапатталды.

Хайрулла Бахтыбаев Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.