2017 жылғы 25 қаңтарда ШҚО талдау және болжамдау институтының ғимаратында «Поколение» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшелерімен кездесу өткізілді (төрағасы Алла Прокопьевна Казакова). Кездесудің мақсаты – Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру.

Кіріспе сөзімен және бөлімнің әлеуметтік бағытындағы жұмысының жалпы көрінісі туралы бөлім басшысының орынбасары К.С. Баубекова сөз сөйледі. Қаланың үлкен буынына қатысты қызметтердің әр түрі бойынша түсіндірмелерді тұрғын үй және атаулы көмек секторының меңгерушісі Н.Н. Беляева, әлеуметтік төлемдер секторының бас маманы А.Д. Себетбаева, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі сектордың бас маманы Г.Т. Синиязова, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры С.М. Әубәкірова ұсынды.

Тұрғын үй көмегін, атаулы әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек, мейрам және атаулы күндерге әлеуметтік көмек тағайындау бойынша, тыл еңбеккері мәртебесін беру тәртібі туралы, Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен деп адамдарды тану туралы, сондай-ақ үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге құжаттар ресімдеу бойынша түсіндірме берілді. Қосымша буклеттер түрінде ақпараттық матераил ұсынылды.

Зейнеткерлер толғандыратын сұрақтарына толық жауаптар алды.