2017 жылғы 23 қаңтарда Ұлы Отан соғысының ардагері Кабду Карменовты жүз жылдық мерейтойымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акицонерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдер орталығы» департаменті директорының орынбасарлары С.К. Қабиғужинов және А.Т. Ағыбаева, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубекова, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 8 филиалының директоры О. Сәлімбекова құттықтады.

Карменов Кабду 1917 жылы 23 қаңтарда ШҚО Талапкер ауылында дүниеге келді. Бұрынғы Марқакөл ауданының тумасы соғысқа дейін мектеп мұғалімі болып істеді. Белоруссия, Украина, Чехословакия босату үшін ұрыстарға қатысты. Ұрыспен Берлинге дейін жетті. Жарақаттары мен контузиясы бар. Соғыстан кейін отанға оралды, мектептің әскери жетекшісінен қойкеңесшаруашылығының басқарушысына дейін қызмет жолынан өтті. 2001 жылы Өскемен қаласы көшіп келді.

І дәрежелі Отан соғысының орденімен, Жоғары Басқолбасшы, Кеңес Одағының Маршалы Иосиф Сталиннің алғыстарымен және медальдарымен марапатталды. Әскери марапаттарымен қатар ардагердің кеудесінде еңбек қызметтері үшін медальдары бар. Кабду Карменов ауыл шаруашылығының сыйлы жұмыскері және Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері болып табылады, Ленин және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.

11 баласын тәрбиеледі, 22 немересі және шөберелері бар.

Осы күнде гүлдер мен сыйлықтар – азаматтық борышын абыроймен орындаған адамға құрмет білдіру.

Кабду ата өзінің 100 жасында жақсы еесте сақтауын атап өткен жөн, ардагер сергек және өзін жақсы сезінеді. Ұзақ жыл өмір сүру құпиясы дененің тазалығы, ашық ойлар мен жүрек деп санайды. Ақсақал барлық қонақтарға батасын берді.

Біз шын жүректен ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, Кабду атаның үлкен отбасына бақыт тілейміз және ең құрметті және сыйлы ақсақалдан бата алуды ізе деп санаймыз!