Өткізу күні: 24.01.2017ж және 31.01.2017ж

Өткізу уақыты: сағат 10.00                                            

Өткізу орны: Тургенев к., 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2017 жылғы 24, 31 қантарда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «G Global-technology» ЖШС директоры мен ШҚО ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің негізінде өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкелері өткізілді.

Жұмыс берушілермен мынадай 20 бос жұмыс орын көрсетілді: электр-дәнекерлеуші, ағаш шебері-бетоншы, әрлеуші, жүргізуші, монтажшы, сылақшы-бояушы, экспедитор.

Жұмыс іздеу үшін өткізілген 2 шағын бос орындар жәрмеңкесіне 31 жұмыссыз адам қатысты, солардың 20 адамы пробация қызметінде есепте тұрғандар.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша жұмыс іздеген 22 адамның деректері жазылып алынды. Жұмыс берушімен шарт жасасу арқылы ақпан айының бірінші жартысында жұмысқа кірісетін болады.