Өткізілген күні: 02.02.2017 ж.

Өткізілген уақыты:сағат 14.00

Өткізілген жері: Протазанов к-сі,87, Қ. Нұрғалиев

2017 жылғы 2 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға ЖОО-дары және колледждер, барлық білім беру ұйымдары түлектерінің есебін жүргізу және жұмыссыз мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің түлектерімен кездесу өткізілді.

Ғимараттың оқырман залында оқытушылар осындай мамандықтар бойынша 4 топтың студентерін жинады: шаштараз өнері және сәндік косметика, тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру. Кездесуге 70-тей түлек қатысты. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімен және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.