2017 жылғы 5 ақпанда Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Андреевич Снегур 90 жылдық мерейтойын атап өтті.

Үйдегі шырайлы орта, от жағылған пеш жылы әңгімеге тартады, сонымен бірге Василий Андреевич жақсы әңгіме айтатыны белгілі болды. Василий Андреевич үшін Қазақстан отаны және Өскемен туған қаласы болып табылатынын бөлісті, онда өмір бойы сүріп келеді, сүйікті жарын кездестірді, отбасы құрып балаларын тәрбиеледі. Үйде жылу мен жайлылық және де шаттық, жылы нәзік қатынас орнайды. Әңгіме бойы Василий Андреевич өз жұбайы Юлия Гавриловнаны жылы құшақтап отырды, балаларын құрметке толы жылы қатынасты тәрбиеледі, олар өз кезегінде ата-анасын күтуде.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан басшының орынбасары К. Баубекова, бас маманы Г. Ескандырова мерейтойымен құттықтады, мықты денсаулық тілей отырып, бейбіт өміріміз үшін алғыс айтты және 100 жылдық мерейтойында кездесуге ниет білдірді, Василий Андреевичтің отбасына амандық пен өркендік тіледі.

Василий Андреевич Снегур 1927 жылы 5 ақпанда Новосибирск облысының Миргород ауылында дүниеге келді. 7 сыныпты бітіріп, колхоз жұмысқа шықты, әр түрлік жұмыстарда істеді.

1944 жылы мамырда Новосибирск облысының Беленс сельсоветімен Әскерге шақырылды жәнеШығыс Куйбыш қаласының Боробинская станциясына қорлы оқу полкіне  жіберілді.

1944 жылы қазан айынан Жапониямен шекараға 22-ші қорлы атқыш полкында қызметтен өтті, 1945 жылы тамыздан Манжурияда әскери қимылына қатысты.

1951 жылы ата-анасымен Қазақстанға Өскемен қаласына көшіп келді. Алматы темір жол институтын бітіріп, бүкіл еңбек жолы «Защита» станциясының вагон депосында өтті, одан 1987 жылы станция бастығы лауазымынан лайықты демалысқа шықты.

Жұбайы Юлия Гавриловнамен бірге 3 баласын тәрбиелеп, 3 немересі және 4 шөбересі бар.

ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен, «За Победу над Германией», «За Победу над Японией» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.