Өткізу күні: 9 ақпан 2017жыл

Өткізу уақыты: сағат 10.00                                            

Өткізу орны: Тургенев к., 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2017 жылғы 9 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандырылған бос орындар шағын жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындарына 4 кәсіпорын қатысты: «Құндыз» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты мұражай-қорығы» КМҚК, «Айтказин» ЖК, «Асыл Алтын бесік» балабақша-бөбекжайы» мектепке дейінгі мекемесі жұмыс берушілермен мүгедектерге арналған квота орындауға арналған 12 бос жұмыс көрсетілді: жүк тиеуші, аула сыпырушы, экспедитор, сауда өкілі, бейне жазба операторы, жұмысшы және басқалар.

Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын туралы таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгіме жүргізді, жұмысқа қабылдау талаптары туралы айтып берді, деректерін жазып алды.

Сонымен бірге шағын жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге керекті мәлімет алу үшін  сұрақтары бойынша консультациялық орталық жұмыс істеді: жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орны, атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау және «Өрлеу» жобасына қатысу.

Жұмыс іздеу үшін өткізілген осы шағын бос орындар жәрмеңкесіне 14 жұмыссыз адам қатысты, оларға тұрақты жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді. Өткізілген бос орындар жәрмеңкесі аясында 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.