Өткізілген күні: 09.02.2017 ж.

Өткізілген уақыты:сағат 10.00

Өткізілген жері: 30 Гвардиялық дивизия к-сі, 6, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі

2017 жылғы 9 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің түлектерімен кездесу өткізілді.

Ғимараттың шағын залында колледждің 70-тей түлектері мен студенттері жиналды. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімімен және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.