Өткізілген күні: 15 ақпан 2017 жыл

Өткізілген уақыты:сағат 14.00

Өткізілген жері: Тургенев к-сі, 30, Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2017 жылы 15 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Некелесу сарайы» ЖШС қызмет көрсету саласындағы қайтадан ашылған кәсіпорынға кадрларды іріктеуге жәрдемдесу және жұмыс іздеуші тұлғаларды жұмысқа орналастыру мақсатында кішігірім бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

«Некелесу сарайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен кішігірім бос жұмыс орындарын ұйымдастыруға 20-дан астам бос жұмыс орындары: аспаз, нан пісіруші, даяршы, әкімші, кассир, тіркеуші, калькулятор-бухгалтер, флорист және т.б. мамандықтары бойынша кішігірім бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жұмыс іздеп, осы кішігірім бос жұмыс орындарына шамамен 20 адам қатысты, олармен жеке деректерді ізденуші үшін көрсетумен анықтамалар толтырылды. Жұмысберуші өзінің кәсіпорынын таныстырды, барлық ізденушілермен сұхбат жүргізді, жұмысқа орналастыру шарттары, еңбекақы төлемі туралы айтты, жүгінгендерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Кішігірім бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі қорытындысы бойынша 9 адам қосымша сұхбатқа шақырылды, оның нәтижесі бойынша наурыз айынан бастап жоғарыда айтылған кәсіпорынға тұрақты жұмысқа орналасады.