Өткізілген күні: 21.02.2017 ж., 24.02.2017 ж.

Өткізілген уақыты:сағат 10.00, 10.00.

Өткізілген жері: Тәуелсіздік даңғ, 83/2, КТҚК колледжі,

                                Абай даңғ, 16/1,ТЭК 

2017 жылғы 21 және 24 ақпанда Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға ЖОО-дары және колледждер, барлық білім беру ұйымдары түлектерінің есебін жүргізу және жұмыссыз мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі және технико-экономикалық колледжі түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесулерге шамамен 100 түлек қатысты. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.