Өскемен қаласының жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К. С. Баубекова, сектор меңгерушісі Қ.О. Бердығожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 8 филиалының өкілдері барды.

Лидия Павловна Клименко 1917 жылы 27 ақпанда Қарағанды облысы, Дороговка ауылында туылды. Бүгінгі күні Астана к-сі, 8/2, 54 пәтер мекенжайы бойынша тұрып жатыр.

1936 жылы Омск қаласында медициналық техникумды аяқтады, шахта жанында фельдшер болып жұмыс істеді. 1941 жылы шілдеде армияға шақырылды. 1-ші Украиналық майдандағы № 1144 эвакогоспитальда аға операция медбикесі болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдары Лидия Павловна Клименко 100 литрден астам қан тапсырды. Жеңісті Львов қаласында қарсалды.

Соғыстан кейін Өскемен қаласының № 1 перзентханасында жұмыс істеді, ол жерден 1972 жылы зейнетке шықты.

4 бала тәрбиеледі, 2 немересі, 2 шөбересі бар.

МАРАПАТТАРЫ: 2-ші санаттағы Ұлы отан соғысының ордені, Маршал Жуковтың медалі, КСРО-ның құрметті доноры, мерейтойлық медалдар.