2017 жылдың 24 ақпанында Әуезов даңғылы, 5 мекенжайы бойынша Жас техниктер станциясының ғимаратында  Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру бөлімінің Кеңесінде кездесу өтті. Кездесу мақсаты – тұрғындарға әлеуметтік демеу жүйесіндей өзгерістер туралы  түсіндіру – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына  міндетті қатысу шартымен отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% төмен табысы бар отбасыларға Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу.

Атаулы сипаттық күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыруды таныстыру рәсімі қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.С. Баубековамен ұсынылды, кездесу әрі қарай «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты.