Өткізілген күні: 02.03.2017 ж., 10.03.2017 ж., 14.03.2017 ж., 17.03.2017ж.

Өткізілген уақыты:сағат: 10.00

Өткізілген жері: 1. Серікбаев к-сі, 5, «Политехникалық колледжі» КМҚК

2. Лермонтов к-сі, «Өскемен көпсалалы технология колледжі» мекемесі

3. 30 Гвардиялық к-сі, 34, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

4. Революционная к-сі, 4 «А», «Шығыс Қазақстан заң колледжі» мекемесі

2017 жылғы 2 наурыздан 17 наурыз бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға ЖОО-дары және колледждер, барлық білім беру ұйымдары түлектерінің есебін жүргізу және жұмыссыз мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Политехникалық колледжі» КМҚК, «Өскемен көпсалалы технология колледжі», С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және «Шығыс Қазақстан заң колледжі» түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесулерге 700-ден астам түлек қатысты. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.