Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2017 жылғы 13 наурызда Павел Пантилеевич Ключников құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердіғожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 1 филиалының өкілдері барды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

Павел Пантилеевич Ключников 

Павел Пантилеевич Ключников 1927 жылы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Песчанка ауылында туды.

Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Ленин атындағы колхозда жұмыс істеді. 1944 жылы 3 желтоқсанда самарлық әскери комиссариатпен майданға жөнелтілді, Уфа қаласында мергеннің мектебін бітірді, байланысшы болып қызмет етті. Жеңіс күнін Уфа - Қиыр Шығыс бағыты бойынша жолда қарсалды және қайтадан Жапониямен майданға аттанды. 1951 жылы әскерден қайтты.

Үйіне Отанына қайтқаннан кейін механикалық цехтың токары болып жұмыс істеді.

Өскемен қаласында 1988 жылдан тұрып жатыр. 1987 жылдан құрметті демалыста.

2 ұлды тәрбиеледі, Василий – дүниеден өтті, Виталий өзінің отбасымен Өскемен қаласында тұрып жатыр.

Марапатталды: 2-ші санаттағы Ұлы Отан соғысының ордені, «Жапонияны жеңгені үшін» медалмен, мерейтойлық медалдар.

Бүгінгі күні Раиса Павловнамен – тыл еңбеккері, зейнеткер жұбайымен тұрып жатыр.


Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2017 жылғы 15 наурызда Роман Гаппасович Мурзалинов құттықтау алды.

Мурзалинов Роман Гаппасович.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердіғожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 7 филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» КММ өкілдері барды.

Роман Гаппасович Мурзалинов 1927 жылы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Степняк қаласында туды.

Төртінші сыныпты бітіргеннен кейін шахтада жұмысшы болып жұмыс істеді. Кеңес армиясының қатарына соңғы шақыртумен 1944 жылы шақыртылды. Орал әскері округінде командир қызметіне оқыды. Оқудан кейін Украина майданына, КСРО ІІБ 424 күзет полкіне арнайы тағайындаумен жіберілді. Майдан кезінде Роман Гаппасович соғыс тұтқындарын күзетті. Жеңіс күнін Иран-Турция шекарасында қарсалды. 1951 жылы әскерден қайтты. Осы жылы Москва қаласындағы газэлектрдәнекерлеуші курсына түсті, кейін Ақмола қаласында жұмыс істеді. 2011 жылы Көкшетаудан Өскемен қаласына көшіп келді.

Әскери қызметі үшін марапатталды: 2-ші санаттағы Ұлы Отан соғысының ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалмен, мерейтойлық медалдар.

Үш бала тәрбиеледі, 1953 жылы туған зейнеткер ұлы Равиль, өзінің отбасымен Көкшетау қаласында тұрып жатыр, 1960 жылы туған Руслан, кәсіпкер ретінде жұмыс істейді және отбасымен Көкшетау қаласында тұрып жатыр, 1965 жылы туған қызы Раиса Өскемен қаласында медициналық қызметте жұмыс істейді. Роман Гаппасовичтің 17 немересі, 1 шөбересі бар.