Өткізілген күні: 27.03.2017 ж., 28.03.2017 ж., 30.03.2017ж.

Өткізілген уақыты:сағат: 10.00

Өткізілген жері: 1. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ

2. Ворошилов к-сі, 160 «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС

3. Астана к-сі, 48, «Шығыс Қазақстан менеджмент және технология колледжі»» мекемесі  

2017 жылғы 27 наурыздан 30 наурыз бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту қызметімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2016-2018 жылдарға ЖОО-дары және колледждер, барлық білім беру ұйымдары түлектерінің есебін жүргізу және жұмыссыз мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС, «Шығыс Қазақстан менеджмент және технология колледжі»» мекемесі түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесулерге 2000-ден астам түлек қатысты. Мамандар студеттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен», қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.