Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Туған күндерімен құттықтау жалғасуда, 2017 жылғы 13 сәуірде Николай Александрович Шелехов құттықтау алды.

Сектор меңгерушісі Қ.О. Бердіғожинов ардагерді туған күнімен құттықтады, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі!

Жарқын тілектерімен мерейгерге Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК № 11, филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

Николай Александрович Шелехов 1922 жылы 13 сәуірде Алтай өлкесі, Змеиногорский ауданы, Коробиха ауылында дүниеге келді.

Шелехов Николай Александрович родился 13.04.1922 года в селе Коробиха Змеиногорского района Алтайского края.

1940 жылғы қаңтарда Кеңес әскерінің қатарына шақырылды, 1942 жылғы наурызға дейін Бийск қаласында болған. Курск шайқасында шайқасқа қатысты, ол жерде жараланып госпиталға түсті. Емдеуден кейін Мәскеу жанындағы майданға қайтадан жіберілді, қайтадан жараланып госпиталға түсті. Соғыс мүгедегі. Жеңісті Горький қаласындағы госпиталда қарсы алды.

Соғыстан кейін Алтай өлкесіне оралды, 1963 жылға дейін колхозда ұста болып жұмыс істеді, кейін Өскемен қаласы, Меновное ауылына көшіп, ПМК-6 ұста болып жұмыс жасады, ол жерден лайықты зейнетке шықты.

6 бала тәрбиеледі, 11 немересі, 12 шөбересі бар. 

МАРАПАТТАРЫ: 2-ші санаттағы Ұлы Отан соғысының ордені, Германияны жеңгендігі үшін орден, мерейтойлық медалдар.